Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банк карталарына қызмет көрсетуде аз уақыттық үзіліс жайында

20.02.2015 09:01:50

Құрметті банк клиенттері!

БТА банктің клиенттік қызмет көрсетудің сапасын және өнімдердің түрлерін арттыру мақсатында 24-ші ақпанда БТА Банктің ақпараттық жүйелерінде техникалық жұмыстардың жүргізілуі жоспарланған.

Міне, осыған байланысты бұл күні сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) БТА карталарына қаражаттарды есептеу бойынша операциялар қолжетімді болмайды (жалақыны есептеу, «БТА Банк» АҚ карталарына/карталар арасында аудармалар, Cash&Pay терминалдары, банкоматтардағы cash-in құрылғылары, «БТА Банк» АҚ бөлімшелеріндегі кассалары және басқа да банктер арқылы карталарды толықтыру және т.б.).

Сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) БТА-ның карталарын пайдалану арқылы барлық операцияларды (банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшаны алу, төлемдер, аудармалар, БТА24 интернет-банкинг арқылы шоттағы қаражаттың қалдығын көруге және т.б.)  орындауға мүмкін болмайды.

Техникалық жұмыстар аяқталған соң БТА карталары бойынша барлық операциялар бұрынғы қалыпта жұмыс жасайды.*

Бұл ыңғайсыздықтар үшін сізден алдын ала кешірім сұраймыз және қандай да бір келеңсіздіктерді болдырмас үшін осы уақытта кез-келген карталық операцияларды орындамағаныңыз жөн. Шұғыл орындауға қажетті операцияларды осы уақытқа дейін орындаған абзал.

Егер де сұрақтарыңыз туындап жатса, біз оларға жауап беруге дайынбыз.

 

БТА Банк

Қазкоммерцбанк

Алматыдағы клиенттер үшін

8 (727) 2 505 111

8 (727) 2 585 444

Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу

8 8000 800 111

8 8000 8000 90

* БТА кредиттік карталарына қызмет көрсетуде қиындықтар туындап жатса, жоғарыда көрсетілген БТА-ның немесе Казкомның call-орталығына хабарласуды сұраймыз.