Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі картасымен Казкомның HOMEBANK.kz бірегей мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!

25.02.2015 15:04:51

Құрметті БТА Банкі карталарын ұстаушылар!

Енді, Сіздерге Казкомның интернет-банкингі - HOMEBANK.kz барлық мүмкіндіктері қолжетімді екендігін хабарлаймыз. Оның ыңғайлылығын, қарапайымдылығын және құндылығы бойынша сенімділігін жарты миллионнан астам қазақстандықтар бағалай алды.

Homebank.kz сайтында тіркеліп, AppStore немесе Google Play арқылы оның мобильді қосымшасын орнатыңыз және көптеген тұлғаларға БТА24 бойынша белгілі қарапайым банктік операциялармен қатар, Сіздерге 800 әртүрлі қызметтер мен төлемдер қолжетімді, соның ішінде:

  •   Қазақстанның кез келген банктерімен шығарылған карталарға ақша аударымдары
  •   Казкомда депозит ашу және толықтыру
  •   Казком бөлімшелерінде кезекті онлайн-броньдау
  •   Әуе билеттерін, кинотеатрларға билеттер сатып алу, Шымбұлақ таушаңғы курортына абонементтерді төлеу және тағы басқалар

Жүзеге асыруға дағдыланған барлық төлемдер БТА24 пайдаланушылары үшін Homebank.kz қолжетімді болады.

Homebank.kz пайдаланушысы болу өте оңай: Казком немесе БТА банкоматтары немесе www.homebank.kz сайты арқылы тіркеліңіз.

Казком немесе БТА банкоматтары арқылы тіркелу

БТА-ның қолданыстағы төлем картасын банкоматқа салып, банкоматтың экрандағы мәзірінен тиісті тармақты таңдаңыз және экрандағы нұсқаулықтарды басшылыққа алыңыз. Міндетті түрде парольді есте сақтаңыз және банкомат берген Homebank сәйкестендіргіші бар үзіндіні сақтап қойыңыз. Бұл ақпарат Homebank алғашқы кіру кезінде қажет болады.

www.homebank.kz сайтында тіркелу

www.homebank.kz сайтына кіріп, сол жақтағы мәзірден ТІРКЕУ тармағын таңдаңыз, одан әрі нұсқаулықтарды басшылыққа алыңыз. Тіркелу үшін Сізге БТА Банкінің қолданыстағы төлем картасы және сіздің код сөзіңіз* қажет. Homebank.kz пайдалану ережелерімен мұқият танысып алыңыз, себебі, олардың сақталуына қаражаттарыңыздың қауіпсіздігі байланысты.

Келесі телефондар бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз:

 

БТА Банкі

Казкоммерцбанк

Алматы клиенттері үшін

8 (727) 2 505 111

8 (727) 2 585 444

Қазақстан бойынша тегін желі

8 8000 800 111

8 8000 8000 90

*Егер код сөзін ұмытып қалсаңыз, оны Казком мен БТА-ның ортақ банкоматы арқылы білуге болады.