Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Францияның Жоғарғы соты Мұқтар Әбілязовтың экстрадициялау мәселесі бойынша апелляциясынан бас тартты

06.03.2015 14:08:53

Алматы, 2015 жылғы 6 наурыз - БТА Банкі (әрі қарай - Банк) Францияның Жоғарғы сотының Лион сотымен шығарылған «Мұқтар Әбілязовты Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау туралы» қаулысын қолдау жөніндегі шешімін мақұлдады. Бұл Банк үшін Әбілязовтың Банктің Директорлар кеңесін басқарған уақытта онымен заңсыз иемденген миллиардтаған АҚШ долларды құрайтын активтерді қайтару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды шешім.

Бұрын хабарланғандай, Банк, Англияның Жоғарғы сотының «Активтерді қайтару процесі аясында 4 млрд. АҚШ доллардан астам соманы өндіріп алу туралы» шешімін алып, Әбілязовқа қарсы сот дауларын жеңген болатын.

Активтерді қайтару процесіне жетекшілік ететін Банктің Басқарма Төрағасының орынбасары Сәуірбек  Жәнібек былай деп мәлімдеді:

«БТА Банкі Францияның Жоғарғы сотының бүгінгі шешімін қолдап, оны Әбілязовтың заң шешімдерінен және оған қарсы шығарылған Англияның Жоғарғы сотының бұйрықтарынан бас тартуын қоса алғанда, өзінің алаяқтық әрекеттері үшін сот алдында жауап беруінің маңызды қадамы болып табылады».

Өз кезегінде Банктің франциялық заң кеңесшісі Антонин Леви былай деп мәлімдеді:

«Бүгінгі шешімді қоса алғанда, Әбілязовқа қарсы франция сотының кезекті шешімдері экстрадициялау туралы талаптардың заңдылығын көрсетеді. Бұл Франция соты жүйесіндегі Әбілязов мырзаға қатысты сот дауларының әділдігін білдіреді. Францияның Жоғарғы сотының бүгінгі шешімі енді Әбілязов мырзаның құқықтық айлалары арқылы сот шешімдерінен жалтару амалдарын шектейді. Лионның Апелляциялық сотының және Жоғарғы сотының Әбілязовты экстрадициялау туралы шешімінен кейін Францияның Премьер-министрінің тиісті жарлығы қабылданады».