Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Акционерлердің талабы бойынша "БТА Банкі" АҚ жай акцияларын сатып алуға өтінімдерді қабылдау қорытындылары

17.03.2015 17:10:30

Алматы, 2015 жылғы 17 наурыз - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - «Банк») әрекет етуші акционерлерден - Банктің жай акцияларын ұстаушылардан акционерлердің талабы бойынша Банк акцияларын сатып алуға өтінімдерді қабылдау 2015 жылғы 27 ақпанда аяқталғандығын хабарлайды.

Мәмілелерді тіркеу туралы бұйрық беру қорытындысы бойынша Банк 29 149 876 927 жеке жай акцияларды сатып алады, оның 1 798 415 877 жай акция - миноритарлы акционерлерде (жай акцияларды ұстаушылар және базалық активі Банктің жай акциясы болып табылатын ҒҚҰ) және 27 351 461 050 жай акция - «Самұрық-Қазына» Қорында. Банктің ірі акционерлері сатып алуға қатысқан жоқ. Акциялар 1 жай акция үшін 0,249 теңге бағасымен сатып алынды.

Өтінімдер беру құқығын «Самұрық-Қазына» АҚ есепке алмағанда, миноритарлы акционерлердің үштен бір бөлігінен астамы (33,67%) пайдаланды. Банктің ірі акционерлері сатып алуға қатысқан жоқ. Акциялар 1 жай акция үшін 0,249 теңге бағасымен сатып алынады.

«Самұрық-Қазына» АҚ акцияларды сатып алу Банктің және «Самұрық-Қазына» АҚ тиісті корпоративтік шешімдері қабылданған соң жүзеге асырылады.

Барлық мәмілелерді тіркегеннен кейін акционерлер - Банктің жай акцияларын ұстаушылар құрамы келесі түрде болмақ:

Сатып алғаннан кейінгі акционерлер құрамы

Акционер

Акция саны

Үлес

«Казкоммерцбанк» АҚ

608 374 602 366

99,42%

Миноритарлы акционерлер

3 542 535 990

0,58%

Байланыстар үшін:

Ольга Питулова, Корпоративтік хатшы
Тел.: +7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz