Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банк» АҚ басқармасындағы өзгерістер туралы хабарлайды

31.03.2015 16:59:17

2015 жылғы «31» наурыз, Алматы - «БТА Банк» АҚ Басқармасының Төрағасы бас банктегі басқа жұмысқа ауысуына байланысты өзінің өкілеттіктерін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын доғарды

Басқарма Төрағасының қызметін атқарған Мағжан Әуезов бас банктегі басқа жұмысқа ауысуына байланысты 2015 жылғы 30 наурыздан бастап өзінің өкілеттіктерін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын доғарғаны және «БТА Банк» АҚ Басқармасының құрамынан шыққаны туралы мәлімдеді.

2015 жылғы 31 наурыздан бастап «БТА Банк» АҚ Басқарма Төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы болып Асқарбек Нәбиев тағайындалды.

Нәбиев мырза 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Алматы қаласы) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік бітіріп, экономист біліктілігіне  ие болған. 1997 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ (Алматы қаласы) банкке жұмысқа кіріп, онда кезекпен оқшау тәуекелдер бөлімі экономистінің, талдау және болжау бөлімі бастығының, талдау және болжау секторының бас маманының, Қаржылық талдау басқармасы бастығының қызметтерінде жұмыс істеді. 2002 - 2007 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Қаржылық бақылау департаменті директорының қызметінде жұмыс атқарды. 2007 жылдан бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесінің қызметіне тағайындалды, банктің қаржылық блогына жетекшілік етеді.

2014 жылы А.Н. Набиев мырза «БТА Банк» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды, банктің қаржылық блогына жетекшілік етеді. БТА Банктегі жұмысы қосарластық бойынша жүзеге асырылады.

Банк Басқармасының қалған құрамы өзгеріссіз қалды.