Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы

13.04.2015 10:59:44

Алматы, 2015 жылғы 13 сәуір - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Директорлар кеңесі келесі шешім қабылдағандығын хабарлайды (2015 жылғы 06 сәуірдегі № 13 және 2015 жылғы 08 сәуірдегі № 14 шешім):

1. «БТА Банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы Магжан Муратович Ауэзовтың өкілеттігі 2015 жылғы 30 наурыздан бастап (қоса алғанда) мерзімінен бұрын тоқтатылсын;

2. «БТА Банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы  қызметіне Аскарбек Рамазанұлы Набиев 2015 жылғы 08 сәуірден бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тағайындалсын;

3. Басқарушы директор - Басқарма мүшесі Кайржан Махметович Мимикеновтың өкілеттігі өзінің бастамасы бойынша 2015 жылғы 01 мамырдан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.