Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Заңды және жеке тұлғалардың есептік-кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтеріне тарифтер мен комиссиялардағы өзгерістер

24.04.2015 16:45:45

Құрметті клиенттер!

«Казкоммерцбанк» АҚ технологиялық тұғырына «БТА Банкі» АҚ филиалдарының кезеңмен көшуіне байланысты «БТА Банкі» АҚ тарифтік саясатындағы өзгерістер жөнінде хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы өзгерістер «БТА Банкі» АҚ барлық филиалдарында орын алды.

2015 жылғы бірінші жарты жылдықта аяқталатын бірігу процесі аясында «Казкоммерцбанк» АҚ тарифтік торына біруақытта ауысумен екі қаржы институтының өнімдік желілерін біртіндеп біріктіру жүзеге асырылады.

Тарифтік саясаттағы өзгерістер қайта жасалған шарттарға қолданылады; қолданыстағы шарттар бойынша банктік қызмет көрсету бұрынғы шарттарға сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте банктік өнімдер мен қызметтердің тарифтерін қайта қарау қолданыстағы шарттармен қарастырылған тәртіпте мүмкін болады.

Барлық бірігу процестері аяқталған соң еліміздің банк нарығындағы сенімділігі жағынан көшбасшы болатын біріккен әмбебап банкінің қызметтерін пайдалана аласыз. Біз, филиал және банкомат желілерін кеңейту есебінен заманауи банк өнімдерінің кең желісін, сондай-ақ, банк қызметтеріне үздік қолжетімділікті ұсынамыз.

Біріккен әмбебап банктің тарифтік саясаты нарықтағы жағдайға байланысты болмақ, дегенмен, кез келген уақытта, біздің жоғары бәсекеге қабілеттілікке бағытталғандығымызды көрсететін болады.

«БТА Банкі» АҚ есептік-кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтердің қолданыстағы тарифтерімен веб-сайт арқылы мына мекенжай бойынша танысуға болады: http://bta.kz/ru/personal/tariffs/rko/ (жеке тұлғалар үшін), http://bta.kz/ru/buss/tariffs/rko/ (заңды тұлғалар үшін) немесе қызмет көрсетуші менеджерден білуге болады.

Құрметпен,
«БТА Банкі» АҚ