Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

28.04.2015 17:05:50

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, (2015 жылғы «28» сәуірдегі №17 шешім) Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

Жылдық акционерлердің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2015 жылғы «29» мамырда сағат 10:40, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.       «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу 2015 жылғы «29» мамырда сағат 10:00 басталады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілмеген жағдайда, жиналыс 2015 жылғы «30» мамырда сағат 10:40, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-ші қабат мекенжайы бойынша қайта өткізіледі.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2015 жылғы 25 мамырдағы сағат 00:00 жағдай бойынша құрастырылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1.     Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2.     2014 жылғы «БТА Банкі» АҚ аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырландырылмаған) жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
  3.     2014 жылғы «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін және «БТА Банкі» АҚ бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
  4.     22.02.2007ж. «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ орналастырылған акцияларын сатып алу ережелеріне толықтыруларды бекіту туралы;
  5.     Акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне өтініштері және қарау қорытындылары жөніндегі мәселені қарастыру туралы;
  6.      2014 жылғы Басқарма және Директорлар кеңесіне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпарат.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін акционерлердің жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге акциялары номиналды иеліктегі және Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәліметтері тіркелмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер жіберілмейді.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхаты  және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлға - акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Заңды тұлға-акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес олардың акционерлерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының аталмыш нормаларының талаптарын орындауы туралы өтініш ұсынуы тиіс.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлеріне «қолдау» нұсқасымен дауыс беруді ұсынады.

Байланыстар үшін:

«БТА Банкі» АҚ  Корпоративтік хатшы
 Питулова Ольга Владимировна
+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz