Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

29.05.2015
"БТА Банкі" АҚ барлық өзінің кредиторларына, жұртшылыққа және акционерлеріне Банктің Директорлар кеңесі ірі мәмілені жасау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды
2015 жылғы 29 мамыр, Алматы - "БТА Банкі" АҚ (әрі қарай - "Банк") 2015 жылғы 26 мамырда Банктің Директорлар кеңесі ірі мәмілені – қайта құрылымдау процедурасы жүргізілген «Казкоммерцбанк» АҚ еншілес банкі болып табылатын Банктің активтері мен міндеттемелерін біруақытта беру бойынша мәмілені (операцияларды) жасау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды.

08.05.2015
Валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын жаңа талаптар
Құрметті клиенттер, Сізді, 2015 жылғы 11 мамырдан бастап 28.04.2012 ж. №154 Валюталық операцияларды жүргізу қағидаларына өзгерістер күшіне енеді, осыған байланысты уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым болып табылмайтын заңды тұлға-резидент (филиал, өкілдік) шетел валютасын уәкілетті банк арқылы сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын көрсететінін хабарлаймыз.

06.05.2015
«БТА Банкі» АҚ он және одан артық пайызына (әрбір осындай ұйымның үлестеріне, пайларына) ие ұйымның тізіміне өзгерістер енгізу туралы ақпарат
Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ Армения Республикасы, «БТА Банкі» Жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталындағы үлесінің 48,9% бастап 65,2% дейін көбейгендігін хабарлайды.

06.05.2015
ҚДКҚ 10 млн теңгеге дейін ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік мөлшерін арттырды
Құрметті клиенттер! Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры (ҚДКҚ) 5 млн бастап 10 млн теңгеге дейін ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдік мөлшерін арттырды.