Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын жаңа талаптар

08.05.2015 12:08:22

Құрметті клиенттер,

Сізді, 2015 жылғы 11 мамырдан бастап 28.04.2012 ж. №154 Валюталық операцияларды жүргізу қағидаларына өзгерістер күшіне енеді, осыған байланысты уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым болып табылмайтын заңды тұлға-резидент (филиал, өкілдік) шетел валютасын уәкілетті банк арқылы сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын көрсететінін хабарлаймыз.

Ұлттық валюта үшін бір жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға баламалы шетел валютасын сатып алған жағдайда, уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым болып табылмайтын заңды тұлға-резидент (филиал, өкілдік) өтінімге орындалуы мақсатында шетел валютасы сатып алынатын валюталық шарттың көшірмесін және (немесе) шетел валютасын сатып алудың мақсаты мен сомасын растайтын өзге құжаттарды қоса ұсынады. Уәкілетті банк осындай өтінімді орындау кезінде өтінімдегі шетел валютасын сатып алудың мақсаты мен сомасын валюталық шартпен және (немесе) шетел валютасын сатып алудың мақсаты мен сомасын растайтын өзге құжаттармен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Осында баяндалғанның негізінде, ұлттық валюта үшін шетел валютасын сатып алуға өтінімді толтыру кезінде міндетті түрде сатып алудың мақсатын (шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылатын құжаттың нөмірі мен күнін), ал бір жүз мың АҚШ долларынан асатын сома баламасына шетел валютасын сатып алатын жағдайда, өтінімге орындалуы мақсатында шетел валютасы сатып алынатын валюталық шарттың көшірмесін және (немесе) шетел валютасын сатып алудың мақсаты мен сомасын растайтын өзге құжаттарды қоса ұсынуыңызды сұраймыз.