Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банкі" АҚ барлық өзінің кредиторларына, жұртшылыққа және акционерлеріне Банктің Директорлар кеңесі ірі мәмілені жасау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды

29.05.2015 17:13:09

2015 жылғы 29 мамыр, Алматы - "БТА Банкі" АҚ (әрі қарай - "Банк") 2015 жылғы 26 мамырда Банктің Директорлар кеңесі ірі мәмілені - қайта құрылымдау процедурасы жүргізілген «Казкоммерцбанк» АҚ еншілес банкі болып табылатын Банктің активтері мен міндеттемелерін біруақытта беру бойынша мәмілені (операцияларды) жасау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды.

Мәміле (операция) активтер мен міндеттемелерді біруақытта беру туралы шартпен (әрі қарай - Шарт) ресімделеді, ол Банктер туралы заңның 61-4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен активтер мен міндеттемелерді біруақытта беру бойынша операцияларды келіскен соң және осындай операцияларды жүргізу туралы хабарламаны жариялаған соң жасалады.

Шарт жобасымен қарастырылған шарттар бойынша:

-           01.03.2015ж. жағдай бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ берілетін Банк активтерінің жалпы баланстық құны 31 069 152 000 теңгеден кем емес сомадағы ақша қаражатын қоса алғанда, 413 337 489 004 теңге;

-           01.03.2015ж. жағдай бойынша Банкке берілетін «Казкоммерцбанк» АҚ активтерінің жалпы баланстық құны 1 171 671 682 766 теңге;

-           01.03.2015ж. жағдай бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ берілетін Банк міндеттемелерінің жалпы баланстық сомасы 383 148 900 356 теңге;

-           Банкке берілетін «Казкоммерцбанк» АҚ активтерінің жалпы баланстық құны «Казкоммерцбанк» АҚ берілетін Банк активтерінің жалпы баланстық құнынан («Казкоммерцбанк» АҚ берілетін Банктің міндеттемелерін алып тастағанда) 1 141 483 094 117 теңгеге артық (әрі қарай - "Берешек").  Банк «Казкоммерцбанк» АҚ-на Банктің пайдасына «Казкоммерцбанк» АҚ ұсынылатын заем қаражаттары есебінен Шарт күшіне енген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде мүмкін түзетулерді ескеріп, берешекті төлейді деп болжанады.

Директорлар кеңесі активтердің нарықтық құнын ескеріп, Банкпен Шарт жасау туралы шешім қабылдады. Активтерді бағалау екі кезеңмен жүргізілді: 2014 жылғы 31 тамыздағы және 2015 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша. Екінші бағалау активтердің нақты берілетін күнгі жағдайы бойынша жүргізіледі.

Шарт жобасы берілетін активтердің ерекшелігін (олардың өзгерісін) ескереді және келесілердің қажеттілігін қарастырады:

-           нақты берілген активтер мен міндеттемелерді айқындау мақсатында салыстырып тексеруді жүргізу, активтер мен міндеттемелердің жай-күйіндегі барлық өзгерістерді белгілеу және нақты берілген күнгі жағдай бойынша активтер мен міндеттемелерді анықтау;

-           Шарт бойынша берілген Банктің және «Казкоммерцбанк» АҚ активтерінің нарықтық құнын анықтау үшін 3 (үш) жұмыс күн ішінде салыстырып тексеру нәтижелерін бағалаушыға жіберу; және

-           тәуелсіз бағалаушымен анықталған құнды ескеріп, қарама-қарсы талаптардың балансын түзету және түзетілген балансты Банктің және «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңестеріне бекітуге ұсыну. Қарама-қарсы талаптардың түзетілген балансы: тәуелсіз бағалаушымен анықталған «Казкоммерцбанк» АҚ берілген Банк активтерінің нарықтық құнын; «Казкоммерцбанк» АҚ  пайдасына Банкке берілген ақша сомасын; тәуелсіз бағалаушымен анықталған Банкке берілетін «Казкоммерцбанк» АҚ активтерінің нарықтық құнын; «Казкоммерцбанк» АҚ берілген Банк міндеттемелерінің жалпы баланстық сомасын және Банктің түзетілген берешек сомасын қамтиды.

Қарама-қарсы талаптардың түзетілген балансы Банктің және «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңестерінің бекітілуіне ұсынылады және бекітілген соң Шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді. Қарама-қарсы талаптардың түзетілген балансын бекіту туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға қосымша хабарланады.

Мәміле (операциялар) мәні болып табылатын мүлік құнының Банк активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы шамамен 86,7 % құрайды.  Мұндай пайыздық қатынас берілген активтердің нарықтық құнын салыстырып тексеру, анықтау және Банктің және «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңестерімен қарама-қарсы талаптардың балансын бекіту нәтижелері бойынша өзгеруі мүмкін.

Тараптар Шартты 2015 жылғы 20 маусымға дейін жасауды жоспарлайды. Шартты жасаудың нақты күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен активтер мен міндеттемелерді біруақытта беру бойынша операцияларды келісу және осындай операцияларды жүргізу туралы хабарламаны жариялау мерзімдеріне байланысты анықталады.