Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы хабарлайды

02.06.2015 15:35:33

2015 жылғы 02 маусым, Алматы, - «БТА Банкі» АҚ Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы келесі шешім қабылдады:

1. «БТА Банкі» АҚ 2014 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырландырылмаған) жылдық қаржылық есептілігін бекіту.

2.1.  2014 жылғы «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін бекітпеу;

2.2.  2014 жылғы «БТА Банкі» АҚ  жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу және осыған байланысты «БТА Банкі» АҚ бір жай акциясына есептелген дивидендттер мөлшерін анықтамау.

3.  Осы Хаттаманың №1 Қосымшасына сәйкес «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 22.02.2007 ж. шешімімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ орналастырылған акцияларын сатып алу ережелеріне толықтыруларды бекіту.

Басқа мәселелермен қатар, акционерлер банк және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің жолданымдары және оларды қарастыру қорытындылары туралы мәселені қарады, сондай-ақ, оларға 2014 жылғы Банктің Директорлар кеңесі мен атқарушы органының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы хабарланды.