Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Казкоммерцбанк» АҚ мен «БТА Банк» АҚ қос банктердің арасында активтерді айырбастау шарасының аяқталғаны жөнінде хабарлайды

15.06.2015 17:57:58

2015 жылғы 15-ші маусым, Алматы - «Қазкоммерцбанк» АҚ (ККБ) мен «БТА Банк» АҚ (БТА) активтер мен міндеттемелерді бір уақытта бір-біріне өткізу туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында БТА активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі ККБ-ға берілді, ал ККБ-ның проблемалық активтерінің бір бөлігі БТА-ға өтті.

Келісімге қол қою шарасы 2014 жылғы 26-шы желтоқсанда өткен ККБ мен БТА акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының резолюцияларына сәйкес және ҚР заңнамасы мен акционерлердің шешімімен бекітілген ККБ мен БТА интеграциясының талаптары мен шарттарына сәйкес орындалды (төмендегі хронологиялық анықтаманы қарау қажет).

Келісімге сәйкес, БТА-дан ККБ-ға берілгені:

  • бұрынғы реквизиттер мен есеп-шоттарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың БТА-дан ашылған барлық ағымдағы және жинақ есеп-шоттары сол шоттарда қалған бар қалдығымен қоса;
  • бұрынғы реквизиттер мен есеп-шоттарды сақтай отырып, клиенттердің белсенді карталық есеп-шоты төлем карталарымен бірге, осы есеп-шотта қалған қалдығымен қоса;
  •  корпоративті, шағын, орта және бөлшек бизнес клиенттеріне берілген, кредиттер бойынша талап ету құқығы. ККБ-дан БТА-ға ауыстырылған қарыз алушыларға кредиттік құжаттамада көрсетілген мекенжайларға тиісті хабарламалар жіберілетін болады; 
  • БТА-ның жұмыс істеп тұрған филиалдары мен бөлімшелері;
  • негізгі қаржының бір бөлігі, тауарлы-материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар мен ақшалар;
  •  БТА-ның еншілес ұйымдарының акциясы - ««БТА Сақтандыру» БТА Банктің еншілес компаниясы» АҚ, ««БТА Өмір» БТА Банктің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ, «СК Лизинг» АҚ, ««БТА Секьюритис» «БТА Банк» АҚ-ның еншілес ұйымы» АҚ, «БТА Ипотека» АҚ, ««Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы» «БТА Банк» АҚ еншілес ұйымы» АҚ, «Әлем Кард» ЖШС, «Титан Инкассация» ЖШС;

ККБ-ға берілген БТА активтерінің алдын ала баланстық құны 413 337 489 004 теңге, ККБ-ға берілген БТА міндеттемелерінің алдын ала баланстық құны 383 148 900 356 теңгені құрайды.

Ал өз кезегінде ККБ-дан БТА-ға берілгені:

  • Несие бөлігі бойынша корпоративті бизнес клиенттеріне берілген талап ету құқығы;
  •  Жылжымайтын мүлікке қатысты стресстік активтерді басқарумен айналысатын «Kazkom Realty» еншілес компаниясының ЖШС үлесіне қатысу;

БТА-ға берілген ККБ активтерінің алдын ала жалпы баланстық құны - 1 171 671 682 766 теңге.

Келесі кезеңде ККБ мен БТА бір-біріне берілген активтер бойынша салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді және нәтижесінде қабылдау-тапсыру актілеріне қол қояды. Кейіннен бұл актілер қос банктің нарықтағы бағасын анықтау үшін тәуелсіз сарапшыларға өткізіледі. Бұл процесстің аяғында берілген активтердің нарықтағы құнына қарай түзетілген кезікпе талаптар балансы ККБ мен БТА директорлар Кеңесіне бекітілуге беріледі.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, ККБ БТА-дан алған міндеттемелерін клиенттер алдында толық орындайды және БТА-ның өз клиенттерімен арада жасасқан келісімдеріне сай барлық шарттарды толықтай сақтайды.

Қазіргі кезде БТА-ның бөлімшелерін Казкомға ауыстыру процестері жүргізілуде және бұл жұмыстар шілденің ортасында аяқталады деп күтілуде. Алайда соған қарамастан қазірдің өзінде-ақ ККБ мен БТА-ның клиенттері банктік операциялардың барлық түрлері бойынша Казкомның бөлімшелерінен және атауы ауысқан БТА-ның бұрынғы бөлімшелерінен банктік қызметтерді толықтай пайдалана алады.

Акционерлердің бекітілген жоспарларының аясында БТА жақын арада Ұлттық Банкке банктік операцияларды орындау жөніндегі лицензияны ерікті түрде тапсыруға өтініш жасайды. Осыдан кейін БТА өзіннің және ККБ-дан өткен проблемалық активтерімен жұмыс жасайтын болады. Проблемалық активтермен жұмыс жасау кезінде түсетін қаражатты БТА ККБ алдындағы борышын өтеуге жібереді.

Хронологиялық анықтама:

  • 2014 жылдың 26 желтоқсанында ККБ пен БТА акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өтті. Онда әр банктің жалпы санынан дауысқа ие жай акцияларының 99.54% (ККБ), 99.82% (БТА) акция пакеттерін иемденіп отырған акционерлердің қатысуымен ККБ мен БТА-ның басты және еншілес банктердің арасында активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі мақсатты бірігу үлгісі жүзеге асты. Мақсатты бірігу үлгісін жүзеге асыру үшін кейбір талаптарды орындауға тура келді: ҚР заңнамасына қажетті өзгерістерді енгізу; ККБ-ға аударма жасау немесе БТА-ның сыртқы міндеттемелерін жабу; өткізуге жататын БТА мен ККБ активтеріне тәуелсіз бағалау жұмысын жүргізу; бір-біріне өткізу амалдарын жүргізу мақсатындағы БТА және ККБ директорлар Кеңесінің шешімін шығару; және Ұлттық Банктің ресми келісімін күту сияқты ағымдағы жұмыстар жүзеге асты. Сондай-ақ акционерлер БТА-ны өткізу рәсімінен кейін банктік жүйесінен банктік лицензиясын өткізу арқылы шығаруға және одан әрі ККБ мен БТА-ны деконсолидациялауға келісімін берді (2014 жылғы 26-шы желтоқсандағы ККБ-нің баспасөз баяндамасын қараңыз).
  • 2015 жылдың 27 сәуірінде «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заң (Заң) қабылданды. Осы заңнамаға өзгерістерді енгізу аясында қарастырылған шарттардың негізінде интеграция іс-жүзіне асты.
  • 2015 жылдың 8-ші мамырында Ұлттық Банктің басқармасы Заңды орындау үшін интеграцияны орындау шарттары мен тәртібін қарастыратын заңға тәуелді актілер пакетін қабылдады. Аталған заңға тәуелді актілер Әділет министрлігінде 2015 жылдың 25-ші мамырында тіркеуден өткен.
  •  2014 жылдың қарашасында БТА шығарған құны 750,000,000 АҚШ долларын құрайтын, 5.50% купонымен және 2022 жылы өтелетін еурооблигациялар бойынша облигацияларды ұстаушылардың келісімімен БТА эмитенті ККБ-ға ауыстырылды. 
  • Бір-біріне ауыстырылатын активтердің нарықтағы бағасы алдын ала екі кезеңмен PricewaterhouseCoopers Tax and Advisory LLP және «Colliers Valuation» ЖШС тәуелсіз сарапшыларымен анықталған болатын: 2014 жылғы 31-ші тамыздағы және 2015 жылғы 31-ші наурыздағы жағдай бойынша. Тағы да бір баға 2015 жылғы 15-ші маусымдағы жағдай бойынша қарастырылатын болады (активтерді тапсыру күні бойынша).
  • 2015 жылдың 26 мамырында ККБ мен БТА директорлар Кеңесінің шешімімен ККБ мен БТА арасында активтер мен міндеттемелерді біруақытта бір-біріне өткізу туралы мәміле (операция) жасалды. Мәміледе тәуелсіз бағалауды негізге ала отырып бір-біріне өткізілген активтер мен міндеттемелердің бағасы активтерді өткізу күніне өзгеруі шарты арқылы жасалды.
  • 2015 жылдың 27 мамырында Ұлттық Банк басқармасы басты банк (ККБ) және қайта құрылымдау ісі жүргізілген еншілес (БТА) банкі арасында біруақытта активтер мен міндеттемелерді бір-біріне өткізу туралы шешім шығарды.
  •  2015 жылғы 2-ші маусымда банктер туралы Заңының 61-2 талаптарына сәйкес ККБ мен БТА, БТА-ның активтері мен міндеттемелерінің ауыстырылуы жөнінде «Казахстанская правда» және «Заң» республикалық газеттерінде, сондай-ақ қос банктің ресми сайттарында хабарламаларды жариялады.

Байланыс үшін:

Әлия Нұрсипатова, Алма Бұйрақұлова, Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлім
+7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz

Лариса Коковинец, Бұқарамен байланыс департаментінің директоры
Тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz