Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банкі" АҚ барлық өзінің кредиторларына, жұртшылыққа және акционерлеріне Банктің Директорлар кеңесі ірі мәмілені жасау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды

18.06.2015 16:55:37

«БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Банктің Директорлар кеңесімен 2015 жылғы 15 маусымда Банктің (сатушы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (сатып алушы) «Самұрық-Қазына» АҚ шығарылған (эмитацияланған) облигацияларын сату және өзара қарама-қарсы талаптарды және міндеттемелерді есепке алу арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (кредитор) алдындағы РЕПО мәмілелері бойынша «БТА Банкі» АҚ міндеттемелерін тоқтату бойынша ірі мәмілені жасауы туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды.
1) акционерлік қоғамның органымен мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні - 2015 жылғы 15 маусым.
2) мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны - бағалы қағаздардың құны - 654 602 500 000,00 теңге
3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні - 11.02.2015ж.
4) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы - 51,85%
5) мәміленің негізгі маңызды шарттары: Банк (сатушы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (сатып алушы) «Самұрық-Қазына» АҚ шығарылған (эмитацияланған) 654 602 500 000,00 (алты жүз қырық бес миллиард алты жүз екі миллион бес жүз мың) теңге сомасына 645 000 000 (алты жүз қырық бес миллион) дана облигацияларды сатып алу бойынша мәмілені жасады. Біруақытта Банктің (борышкердің) сомасы 613 326 178 750,00 (алты жүз он үш миллиард үш жүз жиырма алты миллион бір жүз жетпіс сегіз мың жеті жүз елу) теңге міндеттемелерді (неттинг) және өзара қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (кредитор) алдындағы РЕПО мәмілелері бойынша міндеттемелері тоқтатылды. 41 276 321 250,00 (қырық бір миллиард екі жүз жетпіс алты миллион үш жүз жиырма бір мың екі жүз елу) теңге мөлшеріндегі облигация құны мен РЕПО мәмілелері бойынша Банк берешегінің мөлшері арасындағы айырма Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Банктің шотына аударылды.
6) мәмілені жасау күні - 2015 жылғы 15 маусым."