Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банк» АҚ-ның банктік операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылды

24.06.2015 17:12:04

2015 жылғы 24 маусым - «БТА Банк» АҚ (БТА) және «Казкоммерцбанк» АҚ (ККБ) 23 маусымнан бастап БТА-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне лицензияның әрекетін тоқтату туралы ерікті түрде берген өтініміне байланысты БТА-ның банктік операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылғаны жөнінде хабарлайды.

Лицензияның әрекеті ҚР Ұлттық Банктің ««БТА Банк» АҚ-на берілген банктік және өзге де операцияларды сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қызметтерді жүргізу лицензияның әрекетін тоқтату туралы» 2003 жылғы 23 маусымдағы №268 Бұйрықтың негізінде тоқтатылды.

БТА Банктің лицензияны ерікті түрде қайтаруы ККБ мен БТА интеграциясының мақұлданған жоспарына сәйкес атқарылды. 15 маусымда қос банк активтер мен міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында БТА активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі ККБ-ға берілді, ал ККБ-ның проблемалық активтерінің бір бөлігі БТА-ға өтті.

Активтерді және міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімнің шарттары бойынша, ККБ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес БТА және оның клиенттері арасындағы келісімдерде белгіленген барлық талаптарды сақтай отырып, міндеттемелерді толық көлемде орындайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, БТА өзінің және ККБ-дан өткен проблемалық активтермен жұмыс жасайтын болады және осы проблемалық активтердің жұмысынан түсетін қаражат БТА-ның ККБ алдындағы борышын өтеу үшін жұмсалады.

Байланыс үшін:

Әлия Нұрсипатова, Алма Бұйрақұлова, қаржы институттарының департаменті
+7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz
Лариса Коковинец, бұқарамен байланыс департаментінің директоры
Тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz