Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Казкоммерцбанк» АҚ барлық кредиторларына, қауымға және акционерлеріне банктің директорлар кеңесімен ірі көлемде мәміле жасау туралы шешім қабылданғанын хабарлайды

25.06.2015 17:12:51

2015 ж. «25» шілде, Алматы - «Казкоммерцбанк» АҚ (бұдан әрі - «Банк») 2015 жылғы «22» маусымда Банктің Директорлар кеңесімен ірі мәміле жасау туралы шешім қабылданғаны жайында хабарлайды. Аталған мәмілеге сәйкес Банк (кредитор ретінде әрекет етеді) «БТА Банк» АҚ-қа (бұдан әрі - «БТА», қарыз алушы ретінде әрекет етеді) бірыңғай кредит желісін ұсынады. Кредит желісі БТА-ның: (i) Банк пен БТА арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру туралы Шарт; (ii) тиісті кредиттік құжаттаманы (теңгемен және АҚШ долларымен) жасау арқылы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ арасында міндеттемелерді тапсыру туралы Келісім; (iii) 2014 жылғы 14 қарашадағы Борышты аудару туралы келісім бойынша Банк алдындағы берешегін өтеу мақсатында беріледі.

Мәмілені орындау мақсатында Банк пен БТА арасында Кредит желісін ашу туралы келісім жасалады. Аталған Келісімнің шарттарына сәйкес Банк 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімге, сыйақыны теңгемен берілген кредит сомасынан жылдық 9%, АҚШ долларымен берілген кредит сомасынан жылдық 8% есебінен сыйақы есептей отырып, БТА-ға 630 000 000 000 теңге және 5 600 000 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі лимиті бар кредит желісін ашады. Берешекті өтеу БТА тарабынан тоқсан сайын 334 952 АҚШ доллары (АҚШ долларымен берілген қарыздар бойынша) және 37 682 130 теңге (теңгемен берілген қарыздар бойынша) мөлшерінде барлық берілген кредиттер бойынша жиынтық түрінде, берешек қалдығын кредит желісі мерзімінің соңына қалдырумен жүзеге асырылады.

БТА-ның Банк алдындағы міндеттемелерінің орындалуы БТА-ның барлық активтерінің, БТА-ның борышкерлеріне қатысты талап ету құқықтарының (қамтамасыз ету бойынша құқықтарын қоса алғанда), сондай-ақ БТА активтерінен болашақта түсетін пайданың кепілімен қамтамасыз етіледі.

Мәміле сомасының Банк активтерінің жалпы құнына қатысты пайыздық арақатынасы 49,8% құрайды.

Тараптар Келісімді 2015 жылғы «30» маусымға дейін жасауды жоспарлап отыр.

Байланыс үшін:
Алия Нурсипатова, Алма Буйракулова, Қаржы институттары департаменті
+7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz
Лариса Коковинец, Бұқарамен байланыс департаментінің директоры
+7 (727) 258-54-56, E-mail: pr@kkb.kz