Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ барлық өзінің кредиторларына, акционерлеріне және жұртшылыққа Банктің Директорлар кеңесімен ірі мәмілені жасау туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды

29.06.2015 17:12:11

2015 жылғы "29" маусым, Алматы - "БТА Банкі" АҚ (әрі қарай - "БТА") БТА-ның Директорлар кеңесімен 2015 жылғы 25 маусымда БТА-ның ірі мәміле - БТА, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-аухат қоры» АҚ (әрі қарай - Қор), "Казкоммерцбанк" АҚ (әрі қарай - "ККБ") арасында БТА-ның Қор алдындағы борышын ККБ-ға аудару туралы мәмілені (әрі қарай - Қормен мәміле») жасау  жөнінде шешім қабылданғандығын хабарлайды.

Қормен мәміле БТА үшін ірі мәміле; жасалуына БТА-ның мүддесі бар мәміле; БТА-мен ерекше қатынасы бар тұлғамен мәміле; БТА-ның аффилиирленген тұлғасымен мәміле болып табылады.

Қормен мәміле Борышты аудару туралы келісім арқылы ресімделеді, оның шарттары бойынша ККБ-ға БТА-ның Қорға қайтару бойынша міндеттемелерін қоса алғанда, БТА-ның Қор алдындағы жалпы сомасы 378 149 933 000 теңге борышты қайтару бойынша міндеттемелер аударылады:

-        Салым сомасына есептелген сыйақысымен сомасы 97 000 000 000 (тоқсан жеті миллиард) теңге мөлшеріндегі салым, 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзіммен;

-        Салым сомасына есептелген сыйақысымен сомасы 28 000 000 000 (жиырма сегіз миллиард) теңге мөлшеріндегі салым, 2029 жылғы 24 ақпанға дейінгі мерзіммен;

-        Салым сомасына есептелген сыйақысымен сомасы 12 000 000 000 (он екі миллиард) теңге мөлшеріндегі салым,  2029 жылғы 24 ақпанға дейінгі мерзіммен;

-        Қарыз сомасына есептелген сыйақымен 239 771 120 000 теңге мөлшеріндегі қарыз.

БТА міндеттемелері Борышты қайтару туралы келісіммен қарастырылған кейінге қалдыру шарттары орындалған жағдайда ККБ-ға аударылады.

Қормен мәміле мәні болып табылатын жалпы борыш сомасының БТА активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы шамамен 23,42% құрайды. Мұндай пайыздық қатынас кейінге қалдыру шарттарының орындалуын ескеріп, мәмілені іске асыру нәтижелері бойынша өзгеруі мүмкін.

Тараптар 2015 жылғы 25 маусымда Борыш туралы келісімді жасады.