Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Казкоммерцбанк» АҚ және «БТА Банк» АҚ деконсолидация туралы хабарлайды

01.07.2015 15:17:55

2015 жылғы 30 маусым, Алматы - «БТА Банк» АҚ (БТА) банк лицензиясын өткізген соң және банктердің арасында активтердің ауысуы аяқталғаннан кейін «Казкоммерцбанк» АҚ (ККБ немесе Банк) БТА-ға басқару ісін өзінің ірі акционерлеріне табыстады және 2015 жылғы 30 маусымнан бастап БТА-ны өзінің шоғырландырылған қаржы есебінен алып тастады. 

ККБ директорлар Кеңесінің мүшесі Нина Жүсіпова БТА-ның директорлар Кеңесінің құрамына шықты. Сонымен қатар ККБ-ның өкілдері Асқарбек Нәбиев, Ляззат Сәтиева, Айгерым Жапарова БТА Басқармасының құрамынан, ал БТА басқармасының жанындағы комитеттердің құрамына кірген ККБ-ның бірқатар қызметкерлері БТА-ның штатынан шықты.  

Сондай-ақ, ККБ-ның директорлар Кеңесі Басқармаға ККБ-ға тиесілі БТА-ның (БТА-ның жай акциялардан 94,8368% құрайтын) жай акцияларын келесі шарттар бойынша сату туралы ұсынысты дайындауды тапсырды:

(а) тәуелсіз бағалаушы белгілеген және «fairness opinion»-мен расталған әділ нарықтық баға бойынша БТА акцияларының барлық пакетін сатылымға қою;

(б)  ККБ-дан БТА-ның акцияларын сатып алу бойынша мәмілеге ККБ-ның барлық акционерлері (жай акцияларды ұстаушылар) Банктің жай акцияларға қатысу тепе-тең үлесіне сәйкес қатыса алады. Сонымен қатар олар сатып алу құқығын ККБ-ның басқа акционерлеріне (жай акциялардың ұстаушыларына) ККБ-да қосымша белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес (сырттан заң кеңесшісін тарту арқылы) бере алады.   

Аталған ұсынысты жүзеге асыру мезгіліне дейін ККБ-ға меншік құқығы бойынша тиесілі БТА акциялары (94,8368%) келесідей үлестірілді:

(а) ККБ-ның ірі акционерлерінің (ККБ-ның жай акцияларының жиынтығы 96,73% құрайтын) үлесіне тиесілі акциялардың бір бөлігі - БТА акцияларының 91,7356% - ККБ акционерлерінің мүдделеріне сәйкес өз білгенінше осы акциялар бойынша дауыс беру тең үлесімен Банктің ірі акционерлері Н.С.Сұбханбердин және К.Х.Ракишев мырзалардың дауыс беру құқығымен Банкке сенімгерлік басқаруға берілді;

(б) ККБ миноритарлық акционерлердің үлесіне (ККБ жай акцияларының жиынтығы 3,27% құрайтын) тиесілі акциялардың бөлігі - БТА акцияларынын 3,1012%-ы - сенімгерлік басқаруға берусіз ККБ-ның меншігінде қалды. 

Барлық дайындық шараларды орындаған соң ККБ өзінің барлық акционерлеріне Банкпен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес БТА-ның акцияларын сатып алу туралы ресми ұсынысты жасайтын болады.

Деконсолидация 2014 жылғы 26 желтоқсанда қос банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы мақұлдаған ККБ мен БТА арасында интеграция жобасының соңғы кезеңі болды.