Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

16.09.2015 21:20:37

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - БТА) 2015 жылғы 14 қыркүйекте «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілгендігін хабарлайды (№ 75 Хаттама).

Аталмыш жиналыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды: 

1.     «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа басылымда бекіту, оның әрекет етуін 2015 жылғы 26 маусымда туындаған қатынастарға қолдану; 

    1.1. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасына жаңа басылымдағы «БТА Банкі» АҚ Жарғысына қол қою құқығын беру;

    1.2. «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 14.02.2013 ж. № 66 шешімімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ Жарғысының күшін жойған деп санау;

2.       «Директорлар кеңесі туралы» ережені жаңа басылымда бекіту;

    2.1.  «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 14.02.2013 ж. № 66 шешімімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы» Ереженің күшін жойған деп санау.

3.    «БТА Банкі» АҚ  Корпоративтік басқару кодексінің және Іскерлік этика кодексінің күштері жойылған деп тану.

4.   2015 жылғы 16 қыркүйектен келесі құрамдағы «БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату: А.Арзыкулованың, А.Айтбаевтың, Б.Сарыкуловтың, А.Иткинаның, Г.Асанбекованың;

    4.1. 2015 жылғы 16 қыркүйекте осы шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл мерзімге «БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясын келесі құрамда сайлау: Л.Бекбенбет, А.Баймуратова, Е.Деменкова. 

5.  2015 жылғы «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Делойт» ЖШС тағайындау.