Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банк» АҚ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-нан өз акцияларын сатып алу рәсімінің аяқталғаны және БТА акцияларын сенімгерлік басқару шартын тоқтатуы туралы хабарлайды

28.09.2015 15:37:54

2015 жылғы «28» қыркүйек, Алматы қ. -  «БТА Банк» АҚ (БТА) эмитент ретінде БТА-мен  «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-нан (Қор) 4,26% құрайтын өзінің 27 351 461 050 жай акцияларын сатып алу рәсімінің аяқталғаны және сол акцияларын сенімгерлік басқару шартының қолданысы тоқтағаны туралы хабарлайды.

Акцияларды сатып алу туралы шешім және сатып алу шарттары акционерлермен ККБ және БТА бірігу нысаналы үлгісі бекітілген соң, БТА акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынымы бойынша 2015 жылғы 5 қаңтарда БТА директорлар кеңесімен қабылданған болатын. Үлгі бойынша бас банк - ККБ мен еншілес банкі - БТА арасында активтері мен міндеттемелерін тапсыру және банктік лицензияны қайтару арқылы БТА-ны әрі қарай банктік жүйеден шығару және ККБ мен БТА-ның кейінгі деконсолидациясы қарастырылған болатын.  

БТА акцияларын сатып алу туралы хабарлама және сатып алу шарттары бұқаралық ақпарат құралдарына 2015 жылғы 6 қаңтарда орналастырылды. Банк акционерлерінің барлығы акцияларды сатып алу құқығына ие. Қор БТА акционері бола тұра өзге акционерлермен қатар теңдей жағдайда акцияларды сатып алу бағдарламасына қатысты.

Қор сатып алынған акциялар үшін БТА-ға төлем мерзімін 2017 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту мүмкіндігін ұсынғандықтан, БТА-да өз акцияларын сатып алуда қолданатын Акцияларды сатып алу - сату шартының үлгілік нысанына өзгертулер енгізу туралы мәселе 2015 жылғы 29 мамырда БТА акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қарауға шығарылды.  

БТА акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімін алған соң, Қазақстан Республикасының Үкіметімен (Қордың жалғыз акционері) Қордың  БТА акцияларын иесіздендіруі туралы қаулысы қабылданған соң, Қормен БТА акцияларын сату жөніндегі барлық ішкі корпоративтік шешімдері және мақұлдаулары қабылданған соң, акцияларды сатып алу рәсімі техникалық түрде 2015 жылғы  «25»  қыркүйекте аяқталды. 

БТА акцияларын сатып алуын аяқтағанына, ККБ мен БТА бірігу жобасының аяқталуына байланысты ККБ (сенімгерлік басқарушы) және «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы) арасында 2014 жылғы 31 қаңтарда жасалған «БТА Банк» АҚ (БТА) шығарылған 4,26% акцияны сенімгерлік басқару шарты тоқтатылды.

Сөйтіп, БТА акцияларын сатып алу рәсімі аяқталған соң, ККБ дауыс беруші акцияларының жалпы санындағы БTA үлесі 95,54%-дан 99,83% дейін арта түсті. Ескерте кететін жайт, аталған акциялар ККБ-ға сенімгерлік басқаруға ККБ ірі акционерлері - Кеңес Рақышевқа  және Нұржан Сұбханбердинге тапсырылған.

Байланыс үшін:
Ольга Питулова, корпоративтік хатшы
+7 (727) 266-72-54, E-mail: OPitulova@bta.kz