Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Басқарма және Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

07.10.2015 17:39:23

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - БТА) 2015 жылғы 06 қазанда «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі келесі шешімдерді (№ 47 шешімі) қабылдағандығын хабарлайды:

1.       «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Данияр Турсунжанович Амановтың өкілеттігін өз бастамасы бойынша 2015 жылғы 05 қазаннан бастап мерзімінен бұрын тоқтату.

2.       «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директор - Басқарма мүшесі қызметіне Рифат Анварович Самигуллинді 2015 жылғы 06 қазаннан бастап бір жыл мерзімге сайлау.

3.   «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілі Райхан Газизовна Имамбаеваның өз бастамасы бойынша 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарламаны назарға алу.