Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Франция Премьер-министрі Мұхтар Әбілязовты экстрадициялау туралы үкімге қол қойды

12.10.2015 17:56:46

Алматы, 2015 жылғы 12 қазан - БТА Банкі (әрі қарай - Банк) Франция Премьер-министрінің Мұхтар Әбілязовты Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы шешімін қолдайды. Бұл шешім Франция аумағындағы кезекті сот дауларының нәтижесінде қабылданды. Премьер-министрдің үкімі Әбілязовтың Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымында болған уақытта онымен иеленген миллиардтаған долларды өндіріп алу бойынша Банктің әрекеттері нәтижесіндегі маңызды қадамы болып табылады.

Банктің Англияның Жоғарғы сотында заңсыз шығарылған активтерді қайтару процесі аясында 4 миллиардтаған АҚШ доллар сомасын құрайтын Әбілязовқа қарсы сот процесін жеңгендігі бұрын хабарланған болатын.

Банк өкілі былай деп мәлімдейді:

«Біз, Мұхтар Әбілязовтың БТА Банкінен миллиард долларды ұрлағаны үшін оған әділ жазаны тағайындаудың маңызды қадамы болған Франция Премьер-Министрінің бұл шешімін қолдаймыз. Әбілязовты экстрадициялау керектігін бірнеше рет растаған барлық дәлелдерді мұқият зерттеген франция сотының жетістігін жоғары бағалаймыз. Оны тұтқындау және экстрадициялау Банктің одан арғы сот дауларын қамтамасыз ету, сондай-ақ, Банк өндіріп алуға құқылы активтерді жасыру және жұмсау бойынша Әбілязовтың мүмкіндіктерін шектеу бойынша әрекеттеріне ықпал етеді.

Францияның Жоғарғы сотының, Лиондағы Апелляциялық сотының шешімдері және француз Премьер-министрінің шешімі БТА Банкімен бастама жасалған сот дауларының заңдылығын тағы да дәлелдеп отыр. Әбілязов мырза БТА Банкінен 6 млрд. астам АҚШ долларын жымқырды, енді оның жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндігі аз».

БАҚ арналған байланыстар:

Ұлыбританияда:
Мария Сизякова
Тел: +44 (0) 20 75541730
E-mail: idil.oyman@portland-communications.com

Францияда:

Ксавье Декраме
Тел: +33 1 71 19 79 62
E-mail: xavier.decramer@eurosagency.eu

Қазақстанда:

Тел: +7 (727) 266 47 99
E-mail: pr@bta.kz