Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мемлекеттік тіркеуі туралы

23.10.2015 17:50:42

Осы арқылы, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Банктің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он және одан артық пайызын иемденетін акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеруіне байланысты Банктің акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік тіркегендігін хабарлайды.

1) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он және одан артық пайызын иемденетін акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгерген күні (бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрлер жүйесінде немесе номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесінде өзгерістерді тіркеген күн): 2015 жылғы 26 қыркүйек;

2) эмитенттің акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеру негіздемесі (мәміле, сыйға беру, сот шешімі және басқалар): 2015 жылғы 02 маусымдағы Сатып алу-сату шарты.

3) эмитенттің акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеру мәні: Банктің акцияларды сатып алу, Банк пен «Казкоммерцбанк» АҚ (әрі қарай – ККБ) бірігу жобасының аяқталуына байланысты, ККБ (сенімді басқарушы) және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (сенімді басқарушының құрылтайшысы) арасында 2014 жылғы 31 қаңтарда жасалған Банк шығарған 4,26% акцияларды сенімді басқару шарты аяқталды.

Осылайша, Банкпен акцияларды сатып алу процедурасы аяқталғаннан кейін Банктің жалпы дауыс беретін акциялар санындағы ККБ үлесі 95,54%-дан 99,83 %-ға артты. Аталмыш акциялар ККБ ірі акционерлері - Кеңес Ракишевке және Нұржан Субханбердинге сенімді басқару үшін ККБ берілгендігін естеріңізге саламыз.