Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«2015 жылғы 02 ақпаннан 2015 жылғы 01 тамызға дейінгі есептік кезең үшін «БТА Банкі» АҚ акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде»

03.11.2015 11:47:16

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) 2015 жылғы 02 ақпаннан 2015 жылғы 01 тамызға дейінгі есептік кезең үшін «БТА Банкі» АҚ акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіткендігін хабарлайды.

1) бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеген мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеген күн: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2015 жылғы  26 қазан;

2) бағалы қағаздардың шығаруға жарияланған түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі: 641 500 688 955 дана жай акция, ҰСН KZ1C34920013;

3) облигация шығарылған жағдайда, номиналды құны, айналыс мерзімі және өтеу тәртібі, олар бойынша кірістерді төлеу тәртібі және мерзімі, ковенанттар және (немесе) олардың шығарылымының проспектісінде көрсетілген өзге шектеулер қосымша көрсетіледі - қолданылмайды;

4) жарияланған бағалы қағаздар санын арттыру: жарияланған бағалы қағаздар санын арттыру бойынша бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні, жарияланған бағалы қағаздар санын арттыру туралы шешім қабылданған күн және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғам органы, бағалы қағаздардың түрлері бойынша  бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркегеннен кейінгі жарияланған бағалы қағаздар саны  - қолданылмайды;

5) жарияланған бағалы қағаздар туралы шешім қабылданған күн - қолданылмайды;

6) бағалы қағаздарды жариялаудың басталу күні, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздар санын және орналастыру тәсілін көрсетумен бағалы қағаздарды орналастыру шарттары - қолданылмайды;

7) бағалы қағаздарды жариялаудың аяқталу күні (орналастырудың есептік кезеңін көрсетумен), бағалы қағаздарды  өтеу күні - қолданылмайды;

8) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті, есептік кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздар санын және түрін көрсетумен өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту күні: 2015 жылғы 26 қазан, есептік кезеңде акциялар орналастырылған жоқ;

9) акционерлік қоғаммен шығарылған, есептік кезеңде бағалы қағаздардың ұстаушыларынан акционерлік қоғаммен сатып алынған бағалы қағаздар саны және түрі: 1 783 562 712, жай акциялар;

10) есептік кезеңде акциялар бойынша дивидендтер, облигациялар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер: есептелмеді және төленбеді;

11) жою үшін негіздемені көрсетумен бағалы қағаздардың шығарылымын жою күні - қолданылмайды.