Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

24.11.2015 19:55:19

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, (2015 жылғы «20» қарашадағы №64 шешім) Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2015 жылғы «24» желтоқсанда сағат 10:40, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу 2015 жылғы «24» желтоқсанда сағат 10:00 басталады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілмеген жағдайда, жиналыс 2015 жылғы «25» желтоқсанда сағат 10:40, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-ші қабат мекенжайы бойынша қайта өткізіледі.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2015 жылғы 15 желтоқсанда сағат 00:00 жағдай бойынша құрастырылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйлықақы төлеу туралы;

2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сандық құрамын анықтау туралы;

4. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерінің өкілеттік мерзімін анықтау туралы;

5. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы;

6. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін, төлеу шарттарын және шығындарды өтеуді анықтау ережелерін жаңа басылымда бекіту туралы;

7. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін анықтау туралы.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін акционерлердің жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге акциялары номиналды иеліктегі және Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәліметтері тіркелмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер жіберілмейді.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхаты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлға - акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлеріне «қолдау» нұсқасымен дауыс беруді ұсынады.

Байланыстар үшін:

«БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысы

Питулова Ольга

+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz