Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

31.12.2015 09:44:19

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

 

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай БТА) 2015 жылғы 24 желтоқсанда «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (2015 жылғы 24 желтоқсандағы №76 хаттама) келесі шешімдерді қабылдағандығын хабарлайды:

 

 

1.1.        Константин Николаевич Корищенкоға «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз Директор қызметінде атқарған жұмыстары үшін алғыс жариялансын.

1.2.        Юрий Михайлович Войцеховскийге «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз Директор қызметінде атқарған жұмыстары үшін алғыс жариялансын.

1.3.        Кадыржан Кабдошевич Дамитовке «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі қызметінде атқарған жұмыстары үшін алғыс жариялансын.

1.4.        «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелеріне сыйақы төленсін.

 

2.1. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз Директор - Константин Николаевич Корищенконың;

2.2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз Директор - Юрий Михайлович Войцеховскийдің;

2.3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі  Кадыржан Кабдошевич Дамитовтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

 

3.1. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 5 адамнан құралсын.

 

4.1.  Жаңа Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі осы шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл мерзімге белгіленсін.

 

5.1. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайлансын: Шелленбергер Ян мырза - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз Директор қызметіне;  Косунова Калима Сангереевна ханым - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз Директор қызметіне; Апсенбетов Бейбит Турсынбекович мырза - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Казкоммерцбанк» АҚ өкілі қызметіне; Саурбек Жанибек мырза - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне.

 

Олай болса, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі келесі құрамда құрылсын:

1.   Ракишев Кеңес Хамитұлы - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2.  Апсенбетов  Бейбит  Турсынбекович - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Казкоммерцбанк» АҚ өкілі;

3.  Саурбек Жанибек - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

4. Косунова Калима Сангереевна - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз Директор;

5. Шелленбергер  Ян  - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз Директор.

6.1. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін, төлеу және шығындарды өтеу шарттарын белгілеу ережелері бекітілсін.

6.2. «БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің Жалпы жиналысының 14.02.2013ж. № 66 шешімімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін, төлеу және шығындарды өтеу шарттарын белгілеу ережелері өз күшін жойған деп саналсын. Жаңа басылымдағы ережелерге сәйкес сыйақы мөлшері Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен бекіту ұсынылады. Бұрынғы басылымда Ережелер мәтіні тәуелсіз директорлармен бекітілген сыйақы мөлшерін қарастырған болатын.

 

7.  «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшері анықталсын.