Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде 

Франция соты Мұқтар Әбілязовтың кепілге босату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім шығаруына байланысты БТА Банкінің мәлімдемесі

11.03.2016 09:30:04

БТА Банкі экстрадиция процесінің нәтижесін күтіп жатқан оның бұрынғы басшысының кепілге босату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі франция сотының бүгінгі шешімін қолдады. Әбілязов мырза Украина мен Ресей аумағында Банкке қарсы қылмыс жасауына байланысты 2013 жылғы 31 шілдеде тұтқынға алынған.
Англияның Жоғарғы Соты Әбілязов мырзаның Банк қызметін бұзумен қатар, Франция инвесторларын қоса алғанда, ғаламдық инвесторларға зор шығын алып келген ірі алаяқтық схемаларды жасағандығын анықтады.
Англияның Жоғарғы Соты оны алаяқтығы үшін жауапты деп танып, Банк пайдасына 4 миллиард АҚШ доллар көлеміндегі соманы өтеу туралы үкім шығарды.
БТА Банкі келесіні мәлімдейді:
«Біз Мұқтар Әбілязовтың өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы бүгінгі шешімнің қабылданғандығына қуаныштымыз. Ол Англиядағы және Қазақстандағы соттан жалтарды және оған сенуге болмайтындығын, сонымен қатар оның алаяқтық үшін жауапкершілікке тартылуына сәйкес заңдарды құрметтемейтіндігін көрсетті.
Әбілязов мырза онымен БТА Банкіне қарсы қылмыс жасағандығы бойынша қылмыстық істі тергеуге негізделген Ресей мен Украинаның оны экстрадициялау туралы сұранысымен қамауда отыр.
Осы алаяқтықтың негізгі құрбаны болып табылатын заңды тұлға ретінде Банк экстрадиция процесін күтіп отыр. Оның заңды қамауда отыруы Банкке оның активтерін қайтару бойынша істеріне ықпал етеді, себебі бұл оның заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асыру арқылы одан әрі ақшаны жалтару амалдарын тоқтатуы тиіс.».
*****

БАҚ арналған байланыстар:
БТА Банкі
Тел: +7(727) 266 47 99
Эл.пошта: pr@bta.kz
Вебсайт: www.bta.kz