Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде 

Франция соты Мұқтар Әбілязовтың кепілге босату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі шешім шығаруына байланысты БТА Банкінің мәлімдемесі

05.07.2016 15:55:45

БТА Банкі экстрадиция процесінің нәтижесін күтіп жатқан оның бұрынғы басшысының кепілге босату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі франция сотының бүгінгі шешімін қолдады. Әбілязов мырза Украина мен Ресей аумағында Банкке қарсы қылмыс жасауына байланысты 2013 жылғы 31 шілдеде тұтқынға алынған.
Лион Апелляциялық соты Әбілязовтың қамаудағы мерзімінің дұрыс емес екендігі туралы өтінішіне қарамастан 2016 жылғы 11 наурыздағы Әбілязовты кепілге босатудан бас тарту туралы өзінің бастапқы шешімін растады, осы себеппен Әбілязов мырза 11 наурыздағы шешімге қатысты шағым жасаған болатын.
Англияның Жоғарғы Соты Әбілязов мырзаның Банк қызметін бұзумен қатар, Франция инвесторларын қоса алғанда, ғаламдық инвесторларға зор шығын алып келген ірі алаяқтық схемаларды жасағандығын анықтады.
Англияның Жоғарғы Соты оны алаяқтығы үшін жауапты деп танып, Банк пайдасына 4 миллиард АҚШ доллар көлеміндегі соманы өтеу туралы үкім шығарды.
БТА Банкі келесіні мәлімдейді:
«Әбілязов мырза Англиядағы және Қазақстандағы соттан жалтарды. Ол Англиядан қашып, Англия аумағынан шықпау туралы сот үкімін, сонымен қатар басқа сот шешімдерін бұзғаны үшін оны түрмеге қамау туралы сот шешімін де бұзды. Әбілязов мырзаның бүгінгі күнгі Франциядағы қамауда отыруы өте маңызды, және оның қайтадан қашып кетпеуіне кепілдік береді, бұл 3 жыл бойы франция соты жүргізген экстрадиция процесінің аяқталуына жеткізеді деп сенеміз.
Қазіргі уақытта Банк Әбілязов бойынша Франция сотының барлық алдыңғы шешімдеріне және Францияның премьер-министрінің жарлығына сәйкес Әбілязов мырзаны расында Ресейге беру керек пе деген сауалды растайтын Мемлекет кеңесінің шешімін күтіп отыр».
*****

БАҚ арналған байланыстар:
БТА Банкі
Тел: +7(727) 266 47 99
Вебсайт: www.bta.kz