Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде 

«БТА Банк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

26.07.2016 17:34:29

Қазақстан Республикасы Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97 үйде орналасқан «БТА Банк» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешіміне (2016 жылдың «26» шілдесіндегі №49 шешімі) сәйкес, «БТА Банк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шақырылымы туралы хабарлайды. 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылымының бастамашысы «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады. 
    «БТА Банк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2016 жылдың «26» тамызында Алматы уақыты бойынша 10 сағат 40 минутта: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97 үй, «А2 блогы», 2-қабат, Конференц зал мекен-жайында өтеді. Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы өтпеді деп танылмаған жағдайда, кезекті жиналыс 2016 жылдың «27» тамызында Алматы уақыты бойынша 10 сағат 40 минутта: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97,  «А2 блогы», Конференц зал, 2 қабат мекен-жайында өтеді. Жиналыс қайта өткізілген жағдайда, «БТА Банк» АҚ акционерлерін тіркеу 2016 жылдың «27» тамызында 10 сағат 00 минутта басталады. 

«БТА Банк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімі 2016 жылдың «18» тамызында 00 сағат – 00 минуттағы күй-жай бойынша жасалады. 

«БТА Банк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:  
 
1. «БТА Банк» АҚ-ның 2015 жылғы аудиттеліп шоғырландырылған және жекелеген (шоғырландырылмаған) жылдық қаржы есептілігін бекіту туралы»
 
2. «БТА Банк» АҚ-ның 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін және «БТА Банк» АҚ-ның бір жай акцияға есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту туралы». 
 
3. «БТА Банк» АҚ-ның 2016 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы».  

4. «Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің жүгінуі туралы мәселені қарау және қарау қорытындылары туралы».  

5. «БТА-Банк» АҚ-ның Директорлар Кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы». 

6. «БТА Банк» АҚ-ның Директорлар кеңесі мүшелерін таңдау туралы». 

7. «БТА Банк» АҚ-ның есептік комиссиясы құрамының өзгергендігі туралы». 

«БТА Банк» АҚ акционерлерін жылдық Жалпы акционерлер жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. 

Акционерлер  жылдық Жалпы акционерлер жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар жөніндегі материалдармен 2016 жылдың 16 тамызынан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минут пен 17 сағат 00 минут аралығында Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, «А2 блогы», Конференц зал, 12-қабат мекен-жайы бойынша таныса алады, телефон +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге байланысты сұрақтардың жауабын +7 (727) 2 66 72 69 телефоны, e-mail: o_pitulova@bta.kz. бойынша алуға болады. 

 Жиналыс өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабына сәйкес жүзеге асырылады. 

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-52 баптарына және Қазақстан Республикасы заңнамаларының басқа да нормаларына сәйкес өткізіледі.  

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін акционерлердың – жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.  
Акционерлердің өкілдері – жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес рәсімделген және нотариалды түрде куәландырылған сенімхат пен өкілдің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге тиіс.
Заңды тұлға — акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрі басып расталған сенімхат пен өкілдің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе келісімшартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайтын немесе оның мүдделерін қорғайтын тұлға үшін акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралып жатқан мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.
 
Күн тәртібіне қатысты барлық сұрақтар бойынша, Директорлар кеңесі «БТА Банк» АҚ акционерлеріне «ИӘ» деп дауыс беруге кеңес береді.  

Байланыс үшін:
«БТА Банк» АҚ-ның
ұжымдық хатшысы
Питулова Ольга 
+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz