Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз 

БТА Банкі Мұқтар Әбілязовтың туыстары болып табылатын оның сыбайластарының ортасын кеңейтті

02.08.2016 14:23:06

БТА Банкі Мұқтар Әбілязовтың туыстары болып табылатын оның сыбайластарына қарсы бастама жасаған жаңа сот процесі аясында алғашқы айы өтті. Активтерді қайтару процесі аясында 2016 жылғы 13 маусымда БТА Банкі Вирджиния штатының округтік сотына Мұқтар Әбілязовтың әпкесі Гаухар Кусаиноваға қатысты шығындарды өтеу және М.Әбілязовқа оның активтеріне байланысты операцияларды жүзеге асыруға Г.Кусаинованың ықпал етуіне байланысты Г.Кусаинованың құқыққа қарсы әрекеттері бойынша Банктің өзге де талаптарын қанағаттандыру туралы талап-арыз берді.

БТА Банкі берген талап-арызында Гаухар Кусаинова ағасы М.Әбілязовтан белгілі мөлшерде ақша қаражатын сыйлық ретінде алған Г.Кусаинованың жалпы сомасы 6 миллион АҚШ долларынан астам ақша қаражаттарын пайдаланғандығы туралы фактілер келтірілген. Г.Кусаинова осы ақша қаражатты қайдан алғандығын біледі, одан әрі ол бұл ақша қаражатын өзінің бизнесін дамытуға және АҚШ-тан жеке пайдалануға бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға жұмсаған. Сонымен қатар Г.Кусаинова М.Әбілязовқа қарсы жүргізіліп жатқан сот даулары жөнінде біледі, бірақ заңсыз алынған бұл ақша қаражатты қайтармаған және оның ағасының БТА Банкіне жасаған алаяқтық әрекеттерін біле тұра, осы жайында Банкке хабарламаған. 

БТА Банкінің өкілі былай деп мәлімдейді:

«Гаухар Кусаиноваға қарсы Банктің талап-арыз беруі Мұқтар Әбілязовтың БТА Банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болған кезеңде онымен ұрланған 6 миллиард АҚШ доллардан астам соманы өндіріп алу бойынша БТА қызметіндегі маңызды қадамның бірі болып табылады».

Анықтама: Гаухар Кусаинова, Қазақстан Республикасының азаматы, 2003 жылы саяси баспана құқығын алып, қазіргі уақытта АҚШ, Вирджиния штатында тұрады. Осыған дейін 2000 жылдың басында Қазақстанда жеке бизнеспен айналысқан, кейін кедендік және салық алымдары бойынша заңға қайшы әрекеттері болған.  

Гаухар Кусаинова БТА Банкімен 2009 жылы 6 миллиард АҚШ долларынан астам активтерді қайтару бойынша сот даулары басталған Мұқтар Әбілязовтың әпкесі болып табылады, нәтижесінде Мұқтар Әбілязовтың ірі көлемді алаяқтық әрекеттері салдарынан Банк банкроттық жағдайға душар бола жаздады. Мұқтар Әбілязовтың әрекеттері салдарынан БТА Банкіне және әлемнің әртүрлі елдеріндегі басқа қаржы институттарына қаржылық зиян келтірілді. 

БТА Банкінің сот процесі БТА Банкін басқарған Мұқтар Әбілязовтың алаяқтық әрекеттермен иеленген ірі көлемді ақша қаражаттарымен ғана емес, сондай-ақ, БТА Банкінің жаңа басшылығының жоспарлы әрі жүйелі әрекеттері бойынша әлемге әйгілі болды. Бүгінгі күні Банктің жаңа басшылығы әлемнің әртүрлі елдерінде жалпы сомасы 4 миллиард АҚШ доллар көлеміндегі активтерді қайтару бойынша сот процестерін жеңді. Өздерінің бақылауындағы банк қаражаттарын шығару, өкінішке орай, әлемнің көптеген елдеріндегі банкирлермен жүзеге асырылады, бірақ банктің жаңа басшылығы көп жағдайда активтерді банкке қайтаруға және мемлекетке көрсетілген қаржылық қолдауды өтеуге мүмкіндіктері де, күштері де бола бермейді. 

БТА Банкі қаржылық дағдарыстан өтіп, қаржылық активтерді қайтара алған аз ғана банктердің бірі. Бүгінгі күні, БТА Банкімен М. Әбілязовқа және Қазақстанда ғана емес, Ресей, Украина, Ұлыбритания, АҚШ, Франция сияқты елдердегі оның сыбайластарына қарсы сот процестері жүргізіліп жатыр. 


*****
БАҚ арналған байланыстар:
БТА Банкі
Айдар Абенов
Tелефон: +7 (727) 2505411 (ішкі 50411)
Электрондық пошта: AAbenov2@bta.kz
Вебсайт: www.bta.kz