Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек 

«БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы

01.09.2016 16:15:22

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – БТА) 2016 жылғы 26 тамызда «БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (2016 жылғы 26 тамыздағы №77 Хаттамасы) келесі шешім қабылдағандығын хабарлайды: 
1. 2015 жылғы «БТА Банкі» АҚ аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырландырылмаған) жылдық  қаржылық есебін бекіту;
2. 2015 жылғы «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін бекітпеу;
3. 2015 жылғы «БТА Банкі» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу және осыған байланысты Банктің бір жай акциясына есептелген дивидендтер мөлшерін белгілемеу.
4. 2016 жылғы «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Делойт» ЖШС анықтау;
5. 2015 жылғы қоғам әрекеттеріне және оның лауазымды тұлғаларына акционерлердің жүгінуі және оларды қарастыру қорытындылары туралы ақпаратты назарға алу;
6.  «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Казкоммерцбанк» АҚ өкілі Бейбіт Турсынбекович Апсенбетовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
7.1. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор лауазымына директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін Төлеген Төребекович Тастанбеков мырзаны сайлау;
7.2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор лауазымына директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін Нургабылов Нурлан Талгатович мырзаны сайлау;
7.3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Банк акционері Кеңес Хамитұлы Ракишевтің өкілі ретінде директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін Алькен Данелұлы Куанбай мырзаны сайлау;
7.4. Осылайша, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі келесі құрамда құралсын:
   1)   Кеңес Хамитұлы Ракишев - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
   2)  Алькен Данелұлы Куанбай - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Банктің акционері  Кеңес Хамитұлы Ракишевтің өкілі;
   3) Төлеген Төребекович Тастанбеков - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор;
   4)  Нургабылов Нурлан Талгатович - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
   5) Ян Шелленбергер  -  «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор.
8. «БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясы мүшесі Л.Бекбенбеттің өкілеттігін  2016 жылғы 26 тамыздан бастап мерзімінен бұрын тоқтату; 
9. «БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясының құрамына Санақ комиссиясының жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін В.В.Никитинаны, К.Р.Филимонованы, Ж.У.Тушмаеваны қабылдау.