«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы
01.09.2016 17:10:32Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – БТА) келесіні хабарлайды:
1. 2016 жылғы 25 тамызда БТА-ның Директорлар кеңесі келесі шешім қабылдады (Шешім №58):
Калима Сергеевна Косунованың оның бастамасы бойынша 2016 жылғы 25 тамыздан бастап БТА Директорлар кеңесінің мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарламасы назарға алынсын.
2. БТА Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2016 жылғы 26 тамызда келесі шешімдерді қабылдады (Хаттама №77):
2.1. БТА Директорлар кеңесінің мүшесі - «Казкоммерцбанк» АҚ өкілі Бейбіт Турсынбекович Апсенбетовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын;
2.2. БТА Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор лауазымына директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін Төлеген Төребекович Тастанбеков мырза сайлансын;
2.3. Нурлан Талгатович Нургабылов БТА Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін сайлансын;
2.4. БТА Директорлар кеңесінің мүшесі – Банк акционері Кеңес Хамитұлы Ракишевтің өкілі ретінде директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін Алькен Данелұлы Куанбай сайлансын;
2.5. Осылайша, БТА Директорлар кеңесі келесі құрамда құрылсын:
1) Кеңес Хамитұлы Ракишев - БТА Директорлар кеңесінің мүшесі;
2) Алькен Данелұлы Куанбай - БТА Директорлар кеңесінің мүшесі – БТА акционері Кеңес Хамитұлы Ракишевтің өкілі;
3) Төлеген Төребекович Тастанбеков - БТА Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор;
4) Нурлан Талгатович Нургабылов - БТА Директорлар кеңесінің мүшесі;
5) Ян Шелленбергер - БТА Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор.