Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша 

БТА Банкінің 2016 ж. бірінші жартыжылдықтағы активтерді қайтару бойынша жұмыс нәтижелері туралы мәлімдемесі

05.09.2016 12:35:01

«БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) келесіні мәлімдейді: 
01.01.2014ж. бастап 01.07.2016ж. дейінгі кезеңде К.Х.Ракишевтің тікелей басшылығымен Банк 1,4 млрд. АҚШ доллар көлемінде активтерді қайтару жұмыстарын атқарды. БТА тобының басшылығына К.Х.Ракишевтің келуімен активтерді қайтару тиімділігі біршама өсті.
Англия және Уэльс Жоғарғы сотының шешімдерін, Ресей Федерациясының, Украина және Қазақстан Республикасының сот шешімдерін орындау аясында қолма қол ақша, Банктің балансына мүліктерді қабылдау түрінде активтерді қайтару жүзеге асырылды, сонымен қатар БТА пайдасына өндіріп алынған заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы үлестер біріктірілді.
Осыған орай, Англия соты М.Әбілязовқа БТА пайдасына өндіріп беруді талап еткен сома бүгінгі күнгі пайыздық сыйақысымен 4,8 АҚШ млрд. долларды құрайды.

1. Банктің шағымдары және олар бойынша шешімдер

Ұлыбритания:
- 2015 жылғы 17 шілдеде Англияның Жоғарғы соты М.Әбілязовқа және И.Храпуновқа тікелей немесе жанама тиесілі активтерге тыйым салу туралы бұйрық шығарды. 2016 жылғы 23 наурызда Англия және Уэльс Коммерциялық Соты И.Храпуновқа қатысты өзінің активтері және М.Әбілязовтың атынан ол басқаратын активтер туралы ақпаратты толығымен жариялау жөніндегі бұрын шығарылған бұйрық аясында барлық деректерді ұсынуды талап еткен шешім қабылдады. Сонымен қатар, сот И.Храпуновтан Банк көтерген сот шығындарын төлеуді талап етті. 

АҚШ:
- Нью-Йорк қ. Округтік федералды соты (әрі қарай - Сот) Алматы қ. Әкімдігінің И.Храпуновты, В.Храпуновты және М.Әбілязовты жауапкерлер ретінде тарту жөніндегі өтініш хатын және БТА Банкінің Банктің бір тарап ретінде сот процесіне қатысуы туралы өтініш хатын қанағаттандырды. Бұл ретте Triadou (М.Әбілязовтың және И.Храпуновтың бақылауындағы АҚШ аумағындағы заңды тұлға) істің Нью-Йорк қ. сотының қарауына жатпайтындығына байланысты оны тоқтату туралы өтініш хатынан бас тартылды.
Сот Банктің және Алматы қ. Әкімдігінің (әрі қарай – Қазақстандық тарап) дәлелдерін қабылдады, бұл талапкерлерге заңсыз иемдену және өзгенің мүлкін иемдену бойынша айыпталу қатысында «Ұйымдасқан қылмыспен күресу туралы» федералды заң негізінде осы процесті жылдамдатуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Сот Қазақстан тарабының қамтамасыз ету шаралары туралы өтініш хатын мақұлдады және ақша қаражаттарына тыйым салу туралы өзінің бұрынғы шешімінің мерзімін ұзартты.
АҚШ процессуалдық заңнамасына сәйкес ақпаратты жария ету процедурасы жалғасады, бұл М.Әбілязовпен және И.Храпуновпен ұрланған АҚШ аумағындағы активтерді қайтару бойынша кешенді процестің оң нәтижесі болып табылады. Жауапкерлермен ақпаратты жария ету, олармен басқарылатын бүгінгі күні БТА Банкі ие емес активтерді анықтауға, тыйым салуға және бақылауға ие болу үшін негіз болып саналады.
- 2016 жылғы 13 маусымда БТА Банкі Вирджиния штатының округтік сотына Мұқтар Әбілязовтың әпкесі Гаухар Құсайыноваға қатысты М.Әбілязовқа оның активтерімен байланысты операцияларды жүзеге асыруға ықпал етуге байланысты Банктің пікірі бойынша толық құнды Г.Құсайынованың әрекеттеріне қатысты БТА Банкінің шығындарын өтеу және өзге де талаптарын қанағаттандыру туралы талап-арызы берілді.
Ұсынылған талап-арызда Гаухар Құсайынованың М.Әбілязовтан белгілі ақша қаражаттарын сыйлық ретінде алған жалпы сомасы 6 миллион АҚШ доллар көлеміндегі ақша қаражаттарды пайдалануы туралы дәлелдер ұсынылған. Гаухар Құсайынова өзінің бизнесін қаржыландыруға және жеке пайдалануына, АҚШ жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға бағытталған осы ақша қаражаттарының қайдан алынғандығын білуі тиіс. Сонымен қатар Гаухар Құсайынова М.Әбілязовқа қарсы сот дауларының қаралуы жөнінде хабарланған, бірақ заңсыз иемденген осы қаражаттарды қайтаруға және оның бауыры алаяқтық жасаған Банкке осы жайында хабарлауға тырыспаған.

2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы Банк үлестерін өндіріп алу бойынша активтерді қайтару
Англия және Уэльс Жоғарғы сотының шешімдері, осының аясында Банктің төменде көрсетілген активтерді қайтару бойынша іс-шаралар кешені жүргізілді:
- «БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) меншігіне «БТА Банк» ҚАҚ (Украина) 50% акциясы 31,2 млн. АҚШ доллар сомасында берілді, бұрын М.Әбілязовтың бақылауында болған украиналық заңды тұлғаларға тиесілі «БТА Банк» ҚАҚ (Украина) акциялары өндіріп алынды. Нәтижесінде, «БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) меншігіне «БТА Банк» ҚАҚ (Украина) 99,99 % акциясы шоғырландырылды.
-  бұрын М.Әбілязовтың бақылауында болған заңды тұлғалардың меншігінен «БТА Банк» ЖАҚ (Беларусь) акцияларын алу арқылы «БТА Банк» ЖАҚ (Беларусь) жарғылық капиталындағы үлесті 100% жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
- «БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) меншігіне бұрын М.Әбілязовтың бақылауындағы заңды тұлғаларға – Австрия Республикасының және Ресей Федерациясының резиденттеріне тиесілі «БТА Банк» ЖАҚ (Армения) 35 % акциясы өндіріп алынды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша «БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) меншігіне «БТА Банк» ЖАҚ (Армения)  100 % акциялары шоғырландырылды.
Банк М.Әбілязовпен байланысты тұлғалардың рейдерлік әрекеттері салдарынан енгізілген «БТА Банк» ЖАҚ (Қырғызстан) 71% акциялар пакетін басқаруға сотпен тыйымды алу бойынша жұмыстардың жүргізілгендігін қосымша хабарлайды. Бүгінгі күні «БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) аталмыш қаржылық институтына тікелей басқаруды жүзеге асыратын «БТА Банк» ЖАҚ (Қырғызстан) толық құнды акционері болып табылады.

БТА Банкі былай мәлімдейді:
«Біз, барлық сот шешімдерін, соның ішінде Англия мен Американың БТА Банкіне тиесілі және М.Әбілязовпен әртүрлі тәсілдермен заңсыз иемденген, сондай-ақ Банктің толық құқығы бар активтерді қайтару бойынша сот шешімдерін қолдаймыз  Бұл шешімдер Банк бастама жасаған және одан әрі осы бағытта жұмыстарды жүзеге асыратын М.Әбілязовқа қарсы сот дауларының заңдылығын растайды».                                                  
*****
БАҚ арналған байланыстар:
Гзавьер Декрамер
Tел: 06 04 67 36 46
Эл.мекенжайы: xavier.decramer@eurosagency.eu

БТА Банкі
Тел: +7(727) 266 47 99
Эл.мекенжайы: pr@bta.kz
Вебсайт: www.bta.kz