Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан 

Мұхтар Әбілязовтың кепілге босату жөніндегі өтінішін француз сотымен қанағаттандырудан бас тарту туралы кезекті алтыншы шешімін қабылдауға байланысты БТА Банкінің мәлімдемесі

07.10.2016 11:44:07

БТА Банкі, экстрадиция процесінің нәтижесін күтіп отырған бұрынғы БТА Банкінің басшысының кепілге босату туралы өтінішінен бас тарту туралы француз сотының бүгінгі шешімін қолдады.  Бұл Мұхтар Әбілязовтың Украина мен Ресей аумағында жасаған Банкке қарсы қылмыстық істеріне байланысты Францияда 2013 жылғы 31 шілдеде тұтқынға алынған күннен бастап кепілге босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған алтыншы шешім болып табылады. 

Әбілязов мырзаның оны қамауда ұстау мерзімі дұрыс еместігін мәлімдеуіне қарамастан, Лионның Апелляциялық соты өзінің 2016 жылғы 11 наурыздағы Әбілязовты кепілге босатудан бас тарту туралы бастапқы шешімін растады, осы себепке байланысты Әбілязов мырза 11 наурызда аталмыш шешімге қатысты шағым түсірген болатын.

Бұл ретте бұрын Әбілязов экстрадицияға жататын тұлғалардың қамаудағы мерзімін реттейтін Францияның Қылмыстық процессуалдық кодексінің  (әрі қарай - ҚПК)[1], ережелеріне қатысты, соның ішінде олардың Франция Республикасының Конституциясының нормаларына және Адам құқықтары туралы Еуропа конвенциясының (әрі қарай – ЕК) ережелеріне сәйкес келмейтіндігі туралы шағым түсірген болатын. Осы мәселені қарау Конституциялық кеңеске жіберілді, сәйкесінше аталмыш кеңес ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде ҚПК ережелерінің Конституция нормаларына сәйкестігін растады. Конституциялық кеңестің шешімі соңғы және шағымдануға жатпайды. 

Англияның Жоғарғы Соты Әбілязов мырзаның Банк қызметін бұзумен қатар, Франция инвесторларын қоса алғанда, ірі инвесторларға зор шығын алып келген ірі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырғандығын анықтады. 

Англияның Жоғарғы Соты оның алаяқтық істерге жауапты екендігін анықтап, Банктің пайдасына 4 миллиард АҚШ доллар көлеміндегі қаражатты қайтару туралы үкім шығарды.

БТА Банкі мәлімдейді:
 
«Әбілязов мырза Англияның және Қазақстанның соттарынан қашып үлгерді. Ол соттың Англия аумағынан шықпау туралы шешімін бұзып, басқа да сот шешімдерін бұзғаны үшін оны қамауға алу туралы сот шешімі қабылданған уақытта да оның аумағынан қашты. Әбілязов мырзаның Франциядағы бүгінгі қамауда болуы өте маңызды, және оның қашып кетпеуінің кепілі болып табылады, бұл 3 жыл бойы француз сотымен жүргізіліп жатқан экстрадиция процесін аяқтауға мүмкіндік береді.
______________________________________
 [1]Францияның ҚПК 696-11 және 696-19-баптары.

Қазіргі уақытта Банк М.Әбілязовке қатысты Француз сотының барлық алдыңғы шешімдеріне және Францияның премьер-министрінің  жарлығына сәйкес оның расында Ресейге берілу/берілмеу керектігін растайтын Мемлекеттік кеңестің шешімін күтуде».

*****
БАҚ арналған байланыстар:
Гзавьер Декрамер
Tел: 06 04 67 36 46
Эл. мекенжай: xavier.decramer@eurosagency.eu

БТА Банкі
Тел: +7(727) 266 47 99
Эл.пошта: pr@bta.kz
Вебсайт: www.bta.kz