Главная

Жаңалықтар

2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз 

2017 жылғы 2 наурыз, Алматы қ. – «БТА Банкі» АҚ («БТА») онымен 2017 жылғы 2 наурызда...

02.03.2017 00:00:00

2017 жылғы 2 наурыз, Алматы қ. – «БТА Банкі» АҚ («БТА») онымен 2017 жылғы 2 наурызда міндетті күшке ие емес ККБ алдындағы міндеттемелердің орындалуын қарастыратын Мәмілеге («Мәміле») қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумды («Меморандум») жасағандығын хабарлайды.

Меморандум қатысушылары басқа тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ККБ, Халық Банкі, БТА және ККБ мен БТА-ның ірі акционері Кеңес  Ракишев болып табылады.

Меморандум Мәмілені жасаудың мүмкін шарттарын және шектерін, сондай-ақ, жоғарыда көрсетілгендерге қол жеткізу үшін әрбір тараппен жүзеге асырылатын әрекеттерді анықтайды. Соның ішінде әлеуетті Мәміленің шарттары БТА-ның ККБ алдындағы қарыздарына байланысты мүмкін тәуекелдердің өтелуін қарастырады.

БТА Меморандумның міндетті күшке ие емес екендігін және Меморандумның жасалуы тараптардың одан әрі әрекет етуін және Меморандумда көрсетілген кейінге қалдырылатын белгілі  шарттардың орындалуын талап ететін Мәмілені жасау болып табылмайтындығын атап өтеді.