Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы

10.01.2018 12:52:20

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – БТА) 2017 жылғы 28 желтоқсанда «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 80 Хаттама) келесі шешімдерді қабылдағандығын хабарлайды: 

1. 2016 жылғы «БТА Банкі» АҚ аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырландырылмаған) жылдық қаржылық есептілікті бекіту.

 

2.1. 2016 жылғы «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін бекітпеу;

 

2.2.  2016 жылғы «БТА Банкі» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу және және осыған байланысты «БТА Банкі» АҚ бір жай акциясына есептелген дивидендтер мөлшерін белгілемеу.

3.  2017 жылғы «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Делойт» ЖШС бекіту.

4.   2016 жылғы қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және олардың қорытындылары туралы ақпаратты назарға қабылдау.

 

5.    Павел Адильевич Мынжановты «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне директорлар кеңесінің тұтас өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге сайлау.

 

6.   «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесінің жекелеген мүшесіне онымен өзінің міндеттерін орындағаны үшін осы Хаттаманың №1 Қосымшасына сәйкес сыйақы және шығындардың орнын толтыру мөлшерін және төлеу шарттарын анықтау.

 

7.      «БТА Банкі» АҚ жарияланған жай акцияларының санын 2 500 000 000 000 дана жай акцияларға дейін көбейту.

 

8.1. «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысымен бекітілген ірі мәміле шарттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу (18.04.2017ж. №78 хаттама, 28.07.2017ж. №79 хаттама.

8.2.  «БТА Банкі» АҚ және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ арасындағы 2017 жылғы 1 шілдедегі Активтерді сатып алу (сатып алу-сату) шартына Қосымша келісімнің келесі негізгі шарттармен жасалуын мақұлдау:

 

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, БТА-мен және Қормен келісілген БТА Активтерінің тізімін қамтитын Шартқа №1 Қосымшаны осы Хаттаманың №2 Қосымшасына сәйкес БТА Активтерінің өзгертілген тізімін қамтитын Қосымша келісімге Қосымшаның басылымында мазмұндау.

 - Қосымша келісіммен реттелмеген Шарттың өзге ережелері Шартта көрсетілген басылымда әрекет етуін жалғастырады.

 

9.1. «БТА Банкі» АҚ Жарғысына Өзгерістер мен Толықтыруларды осы Хаттамаға №3 Қосымшаға сәйкес бекіту;

 

9.2.  Қоғамның Басқарма Төрағасына «БТА Банкі» АҚ Жарғысына Өзгерістер мен Толықтыруларға қол қоюға және «БТА Банкі» АҚ Жарғысына Өзгерістер мен Толықтыруларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте тіркеу бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруға  құқық беру.