Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз мамыр 

«БТА БАНКІ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ БАСҚАРМА ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

29.03.2018 09:44:13

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – БТА) 2018 жылғы 19 наурызда «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (2018 жылғы 19 наурыздағы № 81 Хаттама) келесі шешімдерді қабылдағандығын хабарлайды: 

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

  • «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Хамитұлы Ракишевтің;
  • «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директоры Толеген Торебекович Тастанбековтің;
  • Директорлар кеңесінің мүшесі - Акционер К.Х.Ракишевтің өкілі Әлкен Дәнелұлы Қуанбайдың;
  • «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Павел Адильевич Мынжановтың;
  • «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор Алишер Сайлауулы Ермековтың;
  • «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор Петер Ян Шелленбергердің.

БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Рифат Анварович Самигуллин «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін сайлансын;

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор ретінде Толеген Торебекович Тастанбеков «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге қабылдансын;

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз Директор ретінде Петер Ян Шелленбергер «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге қабылдансын;

 «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Павел Адильевич Мынжанов «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге қабылдансын;

 «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Ольга Владимировна Питулова «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге қабылдансын.

 Сонымен қатар 2018 жылғы 19 наурызда «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен (2018 жылғы 19 наурыздағы №16 шешімі) келесі шешімдер қабылданды:

  1. Рифат Анварович Самигуллинді «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне сайлансын.
  2. Рифат Анварович Самигуллиннің «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
  3. Әсел Аманқызы Орумбаеваның «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
  4. Әсел Аманқызы Орумбаева «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы қызметіне «БТА Банкі» АҚ Басқарма өкілеттігінің жалпы мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге сайлансын;
  5. Ильяс Булатович Аюханов «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі қызметіне «БТА Банкі» АҚ Басқарма өкілеттігінің жалпы мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге сайлансын.

Негізгі акционер Кеңес Ракишев кадрлық ауысуларға түсініктеме берді:

 

«Рифат Самигуллин, Басқарма Төрағасы қызметінде оның алдына қойылған мәселелерді толығымен орындады. Оның қаржы секторы бойынша терең білімі және активтерді қайтару бойынша жинақтаған тәжірибесі Төраға ретінде Директорлар кеңесінде қажет болады. Енді ол компанияның стратегиялық мәселелеріне толығымен өзінің бар күшін жұмылдыра алады.

БТА Банкінің активтерді қайтару және алынған инвестициялық жобаларды дамыту  бойынша қызметін жаңа Басқарма Төрайымы Әсель Орумбаева жалғастырады, мен оған үлкен сенім артамын.

Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметінен кетуім, менің жоғары жұмыс бастылығыммен байланысты. Бірнеше халықаралық жобалар тұрақты назарда ұстауды талап етеді, бұл ретте жаңа және әрекет етуші бағыттар жайлы да ұмытпау керек. Жобаларды дифференциациялау стратегиясы аясында мен басқару режимін аяқтаймын және БТА Банкін толығымен басқаруды Компанияның Директорлар кеңесіне және Басқармаға тапсырамын».

 

БАҚ арналған байланыстар:

BTA Bank

Tel: +7(727) 250 40 44

Email: press@bta.kz, eshamsutdinov@bta.kz   

Website: www.bta.kz

Facebook: www.facebook.com/BTA.pressoffice

Telegram: www.t.me/pressbta