Главная

Жаңалықтар

2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
мамыр 

2019 жылғы 17 маусымда ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

17.05.2019 15:51:07

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, Директорлар кеңесінің шешіміне (2019 жылғы 17 мамырдағы №­­­29 шешімі) сәйкес ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

 

1)  Қоғамның атқаршы органының толық атауы және орналасқан жері:

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

 

2)  Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәлімет: «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі.

 

3)  Қоғам Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу күні: 2019 жылғы 17 маусым.

 

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу уақыты: Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 10:40.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, мәжіліс залы, 4-қабат.

Жиналыс қатысушыларын тіркеу уақыты: Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 10:00.

Егер бірінші жиналыс өтпесе, қайта өткізілетін қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу күні және уақыты: 2019 жылғы 18 маусым күні Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 10:40, Алматы қ., «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, мәжіліс залы, 4-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу 2019 жылғы 18 маусымда сағат 10:00 басталады.

 

4)  Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2019 жылғы 03 маусымда Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 00:00.

 

5)  Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Күн тәртібі: «Жаңа басылымда «БТА Банкі» АҚ Жарғысын  бекіту туралы».

 

6)  Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлерді таныстыру тәртібі:

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар «БТА Банкі» АҚ Басқармасының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайында Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күніне дейін он күн бұрын 2019 жылғы 07 маусымнан бастап жұмыс күндері Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 09.00 бастап 17.00 дейін акционерлерді таныстыру үшін дайын және қолжетімді болады. «БТА Банкі» АҚ акционерінің сұрауы бойынша Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оған жіберіледі, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу бойынша шығындарды акционер көтереді. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге байланысты сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727) 2 50-54-34, e-mail:  zuzdyenova@bta.kz.

 

7)  Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

 

Жиналысты өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35- 52 баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Акционердің өкілі Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге оның өкілеттігін растайтын сенімхатты немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет ету немесе оның мүдделерін ұсыну құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде ескерілмейді және дауыс беруге қатысуға құқықсыз. Акционерлердің жалпы жиналысы открывается в объявленное время при наличии кворума. Акционерлердің жалпы жиналысы Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасын және хатшысын сайлайды, дауыс беру – ашық немесе құпиялы (бюллетеньдер бойынша) нысанын анықтайды. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 50-бабы 1-тармағына сәйкес  акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүргізіледі, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивті дауыс беруге құқылы және акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқылы әрбір тұлғаға акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу процедуралық мәселелері бойынша бір дауыс бойынша ұсынуға құқылы жағдайларды қоспағанда. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы дауыс беруге қаралатын мәселе бойынша талқылаудың аяқталуы туралы, сонымен қатар ол бойынша дауыс беру тәсілі туралы ұсынысты дауыс беруге ұсынуға құқылы. Төраға, талқылау Акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзған жағдайдан немесе бұл мәселе бойынша талқылау аяқталған жағдайдан басқа, Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін талқылауға қатысуға құқылы тұлғалардың сөз сөйлеуіне кедергі болмауы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысы туралы үзіліс және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелерді ауыстыру турлы шешім қабылдауға құқылы. Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарастырып, ол бойынша шешім қабылданғаннан кейін жабық деп жарияланады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабы 1-тармағына сәйкес  акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы Акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде жасалады және қол қойылады. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.

 

8)  Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары:

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51 және 52 баптары.