Главная

Жаңалықтар

2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
мамыр маусым 

АҚШ-тан жымқырылған активтерді қайтаруға қатысты – БТА пайдасына Сот Шешімі

06.06.2019 15:40:14

Алматы, 06 маусым 2019 ж. – «БТА Банк» АҚ жүргізілген активтерді қайтару үрдісінің нәтижесінде, 2019 жылдың 28 мамырында АҚШ, Вирджиния штаты, Фэрфакс округінің Округтік Сотының алқабилерінің шешімі негізінде М.Аблязовтың туған әпкесі Г.Кусаиноваға қарсы біріккен талап-арызы бойынша «БТА Банк» АҚ және «Сыртқы Басқарушылардың» пайдасына 6 598 313 АҚШ доллары көлеміндегі сомаға шешім шығарды.

Талап-арызының тарихы

2016 жылдың 13 маусымында АҚШ, Вирджиния штаты, Фэрфакс округының Округтік Сотында БТА жымқырылған активтермен жүргізілген операцияларды іске асыруда М.Аблязовқа ықпал етумен байланысты, заңға қарсы болып табылатын, сотта анықталғандай Г.Кусаинованың әрекеттері қатынасында шығындарды өтеу және БТА өзге талаптарын қанағаттандыру туралы талап-арызы берілген болатын. М.Аблязов, БТА қарсы өзге алаяқтық әрекеттермен қатар, заңсыз әдіспен Г.Кусаиноваға БТА-дан жымқырылған ақша қаражаттарының бөлігі, шамамен $6 млн сомадағы қаражатты бағыттаған. Алынған ақша қаражаттарын, Г.Кусаинова жеке мақсаттары, оның ішінде АҚШ-тағы бірнеше люкс нысанындағы жылжымайтын мүлікті сатып алуға жұмсау үшін пайдаланған.

«Сыртқы Басқарушылармен» бірге талап-арыздарын біріктіру және алқабилер сотының шешімін шығару

БТА секілді, 2016 жылдың тамызында ағылшын сотымен тағайындалған, М. Аблязовтың активтерін Сыртқы Басқарушылар Джон Милсом және Дэвид Стэндиш те ұқсас талап арыздарымен жоғарыда аталған сот органына жүгінді.

Сыртқы Басқарушылардан талапты ұсыну үшін негіздеме ретінде активтер және Сыртқы Басқарушылар басқармасындағы активтерді қатыру туралы Бұйрыққа қосылған, М.Аблязовпен үлестес - Denmar  Assets Management және Devesta  Limited компаниялар арқылы қаржы қаражаттарының басым бөлігін Г.Кусаинованың алу фактілері қызмет етті. Сондықтан, БТА және Сыртқы Басқарушылар («Қоса талап етушілер») талап-арыздарын біріктіру туралы өтініш берілді, бұл 2017 жылдың 19 сәуірінде сотпен қанағаттандырылған.

Сот шешімі

2019 жылдың 28 мамырында сотпен БТА және Сыртқы Басқарушылардың пайдасына жалпы сомасы 6 598 313 АҚШ доллары көлемінде өаражаттарды өндіру шешімі («Шешімі») қабылданды. Соттың шешіміне сәйкес сот Қоса талап етушілердің пайдасына 6 598 313 АҚШ доллары сомасына Фэрфакс округы және Александрия қ. (АҚШ) орналасқан Г.Кусаинованың жылжымайтын мүлікті әділетті ұстап қалу құқығын (ауыртпашылық салу) береді.

Г.Кусаиноваға қарсы талап-арызы бойынша БТА пайдасына осы сот шешімін алу М.Аблязовтан ұрланған активтерді қайтаруға қатысты БТА қызметіндегі тағы бір маңызды қадамды білдіреді. Бүгінгі таңда М.Аблязов және оның сыбайластарына қарсы сот үрдістері Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, Украина, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, сондай-ақ өзге заң құзыреттілігінде жүргізілуде. БТА барлық сот талқылауларындағы оң нәтижені көрсетеді деген үмітте.

 

*****

БАҚ арналған байланыс деректері:

БТА Банк

 

Tелефоны: +7 (727) 266-47-99 (ішкі 4799)

Электронды пошта: press@bta.kz

Веб-сайт: www.bta.kz