Главная

Жаңалықтар

2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
мамыр маусым шілде 

2019 жылғы 29 тамызда ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

29.07.2019 13:27:31

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, Директорлар кеңесінің шешіміне (2019 жылғы 29 шілдедегі №­­­52 шешім) сәйкес ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

 

1)  Қоғамның атқаршы органының толық атауы және орналасқан жері:

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

 

2)  Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәлімет: «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі.

 

3)  Қоғам Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күні: 2019 жылғы 17 маусым.

 

Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу уақыты: Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 10:40.

Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97-үй, мәжіліс залы, 12-қабат.

Жиналыс қатысушыларын тіркеу уақыты: Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 10:00.

Егер бірінші жиналыс өтпесе, қайта өткізілетін қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күні және уақыты: 2019 жылғы 30 тамыз күні Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 10:40, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97-үй, мәжіліс залы, 12-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін тіркеу 2019 жылғы 29 тамызда сағат 10:00 басталады.

 

4)  Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2019 жылғы 12 тамызда Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 00:00.

 

5)  Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының Күн тәртібі:

 

1.    «БТА Банкі» АҚ 2018 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырландырылмаған) жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы»;

2.    «БТА Банкі» АҚ 2018 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және «БТА Банкі» АҚ бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту туралы»;

3.    2019 жылғы «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы»

4.    «Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері жөніндегі мәселені қарау туралы»;

5.    «БТА Банкі» АҚ Жарғысына Өзгерістерді бекіту туралы.

 

6)  Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлерді таныстыру тәртібі:

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар «БТА Банкі» АҚ Басқармасының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, «Самал-3» ықшам ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайында Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күніне дейін он күн бұрын 2019 жылғы 19 тамыздан бастап жұмыс күндері Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 10.00 бастап 17.00 дейін акционерлерді таныстыру үшін дайын және қолжетімді болады. «БТА Банкі» АҚ акционерінің сұрауы бойынша Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оған жіберіледі, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу бойынша шығындарды акционер көтереді. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге байланысты сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727) 250-54-34, e-mail:  asmagulova@bta.kz.

 

7)  Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

 

Жиналысты өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51 және 52 баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Акционердің өкілі Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге оның өкілеттігін растайтын сенімхатты немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет ету немесе оның мүдделерін ұсыну құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде ескерілмейді және дауыс беруге қатысуға құқықсыз. Акционерлердің жалпы жиналысы открывается в объявленное время при наличии кворума. Акционерлердің жалпы жиналысы Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасын және хатшысын сайлайды, дауыс беру – ашық немесе құпиялы (бюллетеньдер бойынша) нысанын анықтайды. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 50-бабы 1-тармағына сәйкес  акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша жүргізіледі, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивті дауыс беруге құқылы және акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқылы әрбір тұлғаға акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу процедуралық мәселелері бойынша бір дауыс бойынша ұсынуға құқылы жағдайларды қоспағанда. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы дауыс беруге қаралатын мәселе бойынша талқылаудың аяқталуы туралы, сонымен қатар ол бойынша дауыс беру тәсілі туралы ұсынысты дауыс беруге ұсынуға құқылы. Төраға, талқылау Акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзған жағдайдан немесе бұл мәселе бойынша талқылау аяқталған жағдайдан басқа, Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін талқылауға қатысуға құқылы тұлғалардың сөз сөйлеуіне кедергі болмауы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысы туралы үзіліс және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелерді ауыстыру турлы шешім қабылдауға құқылы. Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарастырып, ол бойынша шешім қабылданғаннан кейін жабық деп жарияланады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабы 1-тармағына сәйкес  акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы Акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде жасалады және қол қойылады. «БТА Банкі» АҚ акционерлерін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.

 

8)  Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары:

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51 және 52 баптары.