ЖЫЛЖЫМАЙТЫН/ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІКТЕН КЕПІЛДІ ШЕШУ/АУЫРТПАЛЫҚТАН БОСАТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ
«БТА Банкі» АҚ (егер құжатта басқа орган көрсетілсе, онда сол органға жүгіну қажет) кепілге алынған/ауыртпалық белгіленген жылжымайтын/жылжымалы мүліктің бар екендігі анықталған жағдайда, келесі іс-әрекеттер орындалуы қажет:
1) ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ (үй, пәтер, өзге құрылыс) ауыртпалығы/кепілі кезінде –Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы ХҚО-нан алу немесе eGov сайтында басып шығару;
2) ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІКТІҢ (автокөлік, өзге көлік, сондай-ақ ақшалай қаражаттар және тағы басқалар) ауыртпалығы/кепілі кезінде – Жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы туралы анықтаманы/үзіндіні АвтоХҚО/Жол полиция органынан (МАИ) алу немесе eGov сайтынан басып шығару;
3) «БТА Банкі» АҚ атына ерікті нысанда немесе ұсынылған үлгі бойынша (өтінішке/хатқа қол қойлыуы тиіс) өтініш/хат ресімдеу;
4) келесі құжаттарды қосымша ұсыну қажет:
- өтініш берушінің-заемшының жеке тұлғалығын растайтын құжат көшірмесі;
- егер өзге тұлға (үшінші) тұлға жүгінсе, жеке тұлғалығын растайтын құжаттың, сенімхаттың көшірмелері;
- автокөліктің техникалық төлқұжатының көшірмесі (болған жағдайда);
- заемшының қайтыс болуы туралы куәлік (мүлік иесі-заемшы қайтыс болған жағдайда);
- нотариус берген мұрагерге мұрагерлік істің ашылғаны туралы анықтама (мүлік иесі-заемшы қайтыс болған жағдайда);
ОДАН ӘРІ ЖИНАҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ СКАНЕРЛЕП (МҮМКІНДІГІНШЕ PDF ФОРМАТТА), post@bta.kz ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕКЕНЖАЙЫНА ЖІБЕРУ.
ӨТІНІШ ТҮСКЕН КҮННЕН БАСТАП 15 КҮНТІЗБЕЛІК КҮНГЕ ДЕЙІН ҚАРАЛАДЫ.
Қарау нәтижесі бойынша:
1) берешек болмаған жағдайда, кепілді өтеу хаты және сенімхат ұсынылады;
2) бас тарту хаты:
- клиенттердің қарыздары бойынша мәліметтер, оның ішінде "БТА Банк" АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріндегі тиісті мәліметтер;
- ХҚКО (БТА-Ипотека/ККБ/ФПК) анықтамасына сәйкес ауыртпалық / кепіл
болмаған жағдайда беріледі.
Құжаттар өтініште көрсетілген мекенжайға тапсырыс хатымен пошта байланысы арқылы жіберіледі.
ПОШТА/КУРЬЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕР АРҚЫЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ МЕРЗІМІ-ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША 5-7 ЖҰМЫС КҮНІ
Сонымен қатар құжаттарды Алматы қ., Самал-2 ықшамауданы (Бектуров көшесінің бойында), 104-үй, 8 т.е.ғ, 2-қабат мекенжайы бойынша алуға болады.
«БТА БАНКІ» АҚ-НАН ҚҰЖАТТАРДЫ (КЕПІЛДІ ӨТЕУ ХАТЫ ЖӘНЕ СЕНІМХАТ) АЛҒАННАН КЕЙІН ТИІСТІ ОРГАНҒА (ХҚО, АВТОХҚО/МАИ ЖӘНЕ ТАҒЫ БАСҚА) ЖҮГІНІП, МҮЛІКТІ АУЫРТПАЛЫҚТАН БОСАТУ ПРОЦЕДУРАСЫН ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ.
Заявление_ФЛ_КЗ.docx