Главная

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН/ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІКТЕН КЕПІЛДІ ШЕШУ/АУЫРТПАЛЫҚТАН БОСАТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ

«БТА Банкі» АҚ (егер құжатта басқа орган көрсетілсе, онда сол органға жүгіну қажет) кепілге алынған/ауыртпалық белгіленген жылжымайтын/жылжымалы мүліктің бар екендігі анықталған жағдайда, келесі іс-әрекеттер орындалуы қажет:

1) ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ (үй, пәтер, өзге құрылыс) ауыртпалығы/кепілі кезінде –Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы ХҚО-нан алу немесе eGov сайтында басып шығару;
2) ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІКТІҢ (автокөлік, өзге көлік, сондай-ақ ақшалай қаражаттар және тағы басқалар) ауыртпалығы/кепілі кезінде – Жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы туралы анықтаманы/үзіндіні АвтоХҚО/Жол полиция органынан (МАИ) алу немесе eGov сайтынан басып шығару;
3) «БТА Банкі» АҚ атына ерікті нысанда немесе ұсынылған үлгі бойынша (өтінішке/хатқа қол қойлыуы тиіс) жазбаша өтініш/хат ресімдеу;
4) келесі құжаттарды қосымша ұсыну қажет:
- компанияның/ұйымның құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері (тіркеу/ қайта тіркеу туралы куәлік, жарғы өзге де құжаттар);
- компания/ұйым басшысын тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
- компания/ұйым басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, егер мүліктен ауыртпалықты/кепілді алу мәселелерімен компания/ұйым басшысы айналысатын болса;
- компаниядан/ұйымнан өзге уәкілетті тұлғаға сенімхаттың, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері, егер мүліктен ауыртпалықты/кепілді алу жөніндегі мәселелермен компаниядан/ұйымнан өзге уәкілетті тұлға айналысатын болса;
- автокөліктің техникалық төлқұжатының көшірмесі (болған жағдайда).

ОДАН ӘРІ ЖИНАҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ СКАНЕРЛЕП (МҮМКІНДІГІНШЕ PDF ФОРМАТТА), post@bta.kz ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕКЕНЖАЙЫНА ЖІБЕРУ.

ӨТІНІШ ТҮСКЕН КҮННЕН БАСТАП 15 КҮНТІЗБЕЛІК КҮНГЕ ДЕЙІН ҚАРАЛАДЫ.
5)
Қарау нәтижесі бойынша:
1) берешек болмаған жағдайда, кепілді өтеу хаты және сенімхат ұсынылады;
2) бас тарту хаты:
- клиенттердің қарыздары бойынша мәліметтер, оның ішінде "БТА Банк" АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріндегі тиісті мәліметтер;
- ХҚКО (БТА-Ипотека/ККБ/ФПК) анықтамасына сәйкес ауыртпалық / кепіл
болмаған жағдайда беріледі.

Құжаттар өтініште көрсетілген мекенжайға тапсырыс хатымен пошта байланысы арқылы жіберіледі.

ПОШТА/КУРЬЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕР АРҚЫЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ МЕРЗІМІ-ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША 5-7 ЖҰМЫС КҮНІ

Сонымен қатар құжаттарды Алматы қ., Самал-2 ықшамауданы (Бектуров көшесінің бойында), 104-үй, 8 т.е.ғ, 2-қабат мекенжайы бойынша алуға болады.

«БТА БАНКІ» АҚ-НАН ҚҰЖАТТАРДЫ (КЕПІЛДІ ӨТЕУ ХАТЫ ЖӘНЕ СЕНІМХАТ) АЛҒАННАН КЕЙІН ТИІСТІ ОРГАНҒА (ХҚО, АВТОХҚО/МАИ ЖӘНЕ ТАҒЫ БАСҚА) ЖҮГІНІП, МҮЛІКТІ АУЫРТПАЛЫҚТАН БОСАТУ ПРОЦЕДУРАСЫН ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ.


Письмо_ЮЛ_КЗ.docx (20.37 Kb)

24.01.2008ж. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен берілген Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама