Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банк карталарына қызмет көрсетуде аз уақыттық үзіліс жайында
20.02.2015 09:01:50
Құрметті банк клиенттері!
БТА банктің клиенттік қызмет көрсетудің сапасын және өнімдердің түрлерін арттыру мақсатында 24-ші ақпанда БТА Банктің ақпараттық жүйелерінде техникалық жұмыстардың жүргізілуі жоспарланған.
Міне, осыған байланысты бұл күні сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) БТА карталарына қаражаттарды есептеу бойынша операциялар қолжетімді болмайды (жалақыны есептеу, «БТА Банк» АҚ карталарына/карталар арасында аудармалар, Cash&Pay терминалдары, банкоматтардағы cash-in құрылғылары, «БТА Банк» АҚ бөлімшелеріндегі кассалары және басқа да банктер арқылы карталарды толықтыру және т.б.).
Сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) БТА-ның карталарын пайдалану арқылы барлық операцияларды (банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшаны алу, төлемдер, аудармалар, БТА24 интернет-банкинг арқылы шоттағы қаражаттың қалдығын көруге және т.б.) орындауға мүмкін болмайды.
Техникалық жұмыстар аяқталған соң БТА карталары бойынша барлық операциялар бұрынғы қалыпта жұмыс жасайды.*
Бұл ыңғайсыздықтар үшін сізден алдын ала кешірім сұраймыз және қандай да бір келеңсіздіктерді болдырмас үшін осы уақытта кез-келген карталық операцияларды орындамағаныңыз жөн. Шұғыл орындауға қажетті операцияларды осы уақытқа дейін орындаған абзал.
Егер де сұрақтарыңыз туындап жатса, біз оларға жауап беруге дайынбыз.
|
БТА Банк |
Қазкоммерцбанк |
---|---|---|
Алматыдағы клиенттер үшін |
8 (727) 2 505 111 |
8 (727) 2 585 444 |
Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу |
8 8000 800 111 |
8 8000 8000 90 |
* БТА кредиттік карталарына қызмет көрсетуде қиындықтар туындап жатса, жоғарыда көрсетілген БТА-ның немесе Казкомның call-орталығына хабарласуды сұраймыз.