Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«2015 жылғы 14 қыркүйекке шақырылған «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы ХАБАРЛАМА»
28.08.2015 17:55:45
«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (2015 жылғы 26 тамыздағы №40 шешім) 2015 жылғы 14 қыркүйекке шақырылған «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін келесі мәселелермен толықтыратындығын хабарлайды:
- 2015 жылға «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;
- «БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясының әрекет етуші құрамының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Санақ комиссиясын жаңа құрамда сайлау туралы;
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлеріне «қолдау» нұсқасымен дауыс беруді ұсынады.